////

Мүмкіндігі шектеулі азамат: Тегін берілетін дәріні сатып алуға мәжбүрмін

8545 рет қаралды

 Алматы облысы, Ескелді ауданының орталығында орналасқан “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігінде қыркүйек айының 8 күні өзекті тақырыптарды қамтыған жиын болып өтті.

Ол жиынға Мінбер сайтының тілшісі де қатысты. Өзекті тақырып дегенім: вакцинация, медициналық сақтандыру және Asyq қосымшасы. Қоғамдық бірлестік жетекшісі Ахат Ұзақбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың әр сұрағына толықтай жауап алу үшін медицина саласының мамандарын шақырған екен. Жауап беруге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының ақпараттық түсіндіру және қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі А. Баймухамедов, Ескелді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы директорының міндетін атқарушы С. Шарипов,  Ескелді аудандық емхана дәрігері, статистика бөлімінің маманы  Г. Махамбетова, аудандық эпидемиолог дәрігер Н. Райханова  келді.                                                                             

«Мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинация ала ма? Неге жүрегі ауырса да, аллергия болса да вакцина саласыздар? Оларға кері әсері болса, ертең кім жауап береді?» деп сұрақ қойды Ахат Ұзақбаев.

 «Вирустан қорғанудың жалғыз әдісі – ауруға қарсы вакцина алу. Сонымен қатар вирустың таралу қаупін азайту үшін маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигие­насы, үй-жайларды желдету сияқты алдын алу шараларын сақтау қажет. Вакцина алуға қарсы көрсетілімдер мыналар: вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия; ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық; жүктілік және лактация кезеңі; 18-ге де­йінгі балалар. Бұ­дан бөлек, коронавируспен ауы­рып шыққан адамдар да вак­цинадан босатылады. Бірақ ағ­задағы антиденелердің көлемі ескеріледі. Қаулыға сәйкес, коронавируспен ауырып шық­қандар үш ай бойы вакцинасыз жұмысқа бара алады. Одан кейін антиденелер саны аза­йып, вирусты жұқтыру қаупі жоға­рылайды. Келесі сұрағыңызға жауап бере кетейін, біз ешкімге өзінің рұқсатынсыз вакцина салмаймыз. Әрбір адам вакцина алмас бұрын арнайы анкета толтырады, егер денсаулығында кінәрәт болса, міндетті түрде сол пунктты белгілеп кетуі керек. Ол әрбір азаматтың жауапкершілігінде. Сол үшін де біз анкета парағын сыртта толтыртамыз» деді Ескелді аудандық емхана дәрігері, статистика бөлімінің маманы  Г. Махамбетова

 «Мүмкіндігі шектеулі жандар Asyq қосымшасын қалай қолдану керегін білмейді. Ол қосымшасыз тіпті қарапайым дүкенге кіре алмайды. Неге? Сонда олар ешқандай мекемеге кіре алмай ма? Жасыл түсті ғана көрсетсе кіреді де, көк, сары шықса ат терлетіп қайта үйіне қайта ма? Сырқатының кесірінен вакцина алмаған көбі. Қолдарында не анықтамасы жоқ «вакцинаны осы себеп бойынша алуға болмайды» деген. Оны қайдан, кімнен алатындарын да білмейді. Не істеу керек?  Шалғайда тұратын азаматтар наздарын айтып келеді бізге, діттеген жеріне кіре алмай ашулы қайтады. Не деп жауап береміз? » деп сұрақ қойды Ахат Ұзақбаев СЭС қызметкеріне.

«Asyq қолданбасы бизнеске де, тұрғындарға да арналған. Оның басты мақсаты — қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Иә, дұрыс айтасыз егде жастағы адамдар ұялы телефонның жаңарған түрін қолданбайды. Бірақ кез келген мекемеге кіру үшін өзінің ЖСН жатқа білсе болды. Бұл  қолданба Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен біріктірілген. Соның көмегімен келушінің статусы демде көрінеді. Яғни ол қазіргі уақытта вирус тасымалдаушы ма, жоқ па — соны көрсетеді. Егер «қызыл» түс жанса, демек ол адам ПТР-тест тапсырған. Нәтижесі оң болып шыққан деген сөз. Мұндай статусы бар адам үйінде оқшаулануы керек. Егер карантин талаптарын сақтамаған жағдайда ол адам айыппұл төлеуі тиіс.  «Сары» түс вирус тасымалдаушымен байланыста болғандарға беріледі. Оларға үйінің маңайындағы дүкеннен азық-түлік алуға, дәріханаға баруға рұқсат. Бірақ өзге қоғамдық жерлерге баруға тыйым салынады. «Көк» түс дегеніміз — ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, вакцина алмаған және ауырғандармен байланыста болған адам ретінде тіркеуде тұрмайды. Яғни кез келген жерде еркін жүре алады, бірақ кейбір мекемлерге кіре алмайды. Тек ПТР-тест қажет жерлерді есепке алмағанда. «Жасыл» түс вакцина алған адамдарға беріледі. Ол адам емін-еркін жүре алады, әрине сақтық шараларын сақтау арқылы. Сырқаты бар адам қалай медотвод алады деп отырсыз ғой, иә ол үшін Вакциналау кабинетінде отырған дәрігерге барып сырқаты жайлы айтуы керек. Дәрігер қажетті шараларды қолданып, анықтамасын алып береді. Бірақ толық тексеруден өтуі шарт.» деді  Ескелді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы директорының міндетін атқарушы С. Шарипов.

«Жауаптарыңызға рақмет. Енді сұрағым медициналық сақтандыру жайлы. Мүмкіндігі шектеулі адам қалай медициналық сақтандыру мәртебесін алады? Неге ол МРТ, КТ, УЗИ жасау үшін ақылы мекемелерге барады. Менің өз басымнан өтті. Әйелімді қарату үшін 60 мың теңге жұмсадым, құр қарату үшін. Ал бір пенсияға қарап отырған мүгедек адам қалай қаралады? Тегін дегенді тек естіп қана қоямыз, бірақ ақылыға жүгінеміз. Неге? Неге мүгедектерді ақылы жаққа жібереді? Неге Көпсалалы ауруханаға КТ үшін тегін кезекке бір ай бұрын тұрады, ал ақылыға барғың келсе бірнеше сағаттың ішінде кіріп кетесің?» деді сұрақ қойды Ахат Ұзақбаев.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде барлық топтағы мүгедектер жеңілдігі бар санатқа жатады. Сондықтан, мүгедектік тобын куәландырған азаматтар МӘМС жүйесінде сақтандырылған болып саналады. Яғни, МӘМС аясындағы медициналық қызметтерге тегін қол жеткізеді. Егер де, мүгедектік тобы бар азаматтар сақтандырылмаған болса, онда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына дәйекті құжаттарын тіркеу қажет, егер құжаттар расталатын болса, мұндай жағдайда сақтандыру мәртебесіне ие болады. Мобильді қосымшаны Play market пен App Store жүктеуге мүмкіндік бар. Азаматтар 15 санат  бойынша медициналық сақтандыру қорына төлем жасаудан босатылады. Олардың қатарында мүгедектер де бар. МӘМС пакеті аясында МӘС қорымен келісім-шартқа отырған медициналық ұйымдарға ғана  сақтандыру қорынан көрсетілген қызметтер үшін қаражат төленеді. Егер сіздер келісім-шарты бар медициналық ұйымдарға тегін жолдама ала алмай, ақылы түрде барсаңыз, бірден біздің сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймын. Біз мәселені шешеміз» деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының ақпараттық түсіндіру және қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі А. Баймухамедов.

 

«Тағы бір сұрағым бар. Неге оқушылар ауырса мектепті жаппайсыздар? Неге міндетті түрде біреу емес бірнешеу ауырсын деп күтесіздер? Бізге ата-аналар келеді  «менің ұлымның мектебінен короновирус инфекциясы шықты, бірақ мектепті карантинге жапқан жоқ» деді Ахат Ұзақбаев.

«Кез-келген сыныпта COVID-19 жұқтырудың 1-2 жағдайы тіркелсе, сол сынып қана карантинге жабылады. Егер одан да көп жағдай тіркелсе мектеп толығымен жабылады. Яғни балалар қашықтан оқуға ауысады.» деді аудандық эпидемиолог дәрігер Н. Райханова.


«Шыны керек біздің ауданның медицина саласында олқылықтар өте көп. Бәрін айта бергеннен пайда жоқ. Құрметті Арман мырза, Гулнар ханым осы мәселелерді реттеулеріңізді сұраймын. Мүгедектер тегін қызметті уақытымен алсын. Дәрі-дәрмек дұрыс берілсін. Менің өзім тегін берілетін дәріні жылына бір рет қана тегін аламын. Ол маған 1 айға ғана жетеді. Қалған айларда мен сатып алуға мәжбүрмін. Бұл менің ғана басымда болып жатқан мәселе емес. Мен фактпен сөйлейтінімді білесіздер. Дәлелім де жетерлік. Жуық арада барлық олқылықтар жойылады деген сенімдемін» деп сөзін қорытындылады Ахат Ұзақбаев.

 

«Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы ел арасында қалыптасқан ойлардың ұшы қиыры жоқ. Оның үстіне Қазақстанда оларға өмір сүру оңай да емес: білім мен орта қолайлы емес, жәрдемақы аз, тіпті мүгедек екеніңді дәлелдеудің де машақаты көп. Маған жүгінетін жандардың мәселесі ұқсас, бәрі мүгедектік пенсиясын алу үшін міндетті түрде ауруханаға жатуы керек. Жылына кем дегенде екі рет. Карантин басталмай тұрып, үнемі жатып тұратын. Ауруханадан шыққан соң міндетті түрде «выписка» сұратады арнайы мекемелер. Ал сол выписканың соңында «диагноз» деген жерге «жағдайы жақсы» деп жазып береді. Міне мәселе осы жерден басталады. Дәрігер асығып жүріп, дайын шаблонды қоя салады, ал  мүгедек жан ақшасынан қиылып жүреді. Қалай соны түсінбейді? Ол адам жағдайы нашарлап, жақсарып шығу үшін жатпайды. Ол жату керек болған соң, мүгедек екенін дәлелдеу үшін жатады. Осы мәселені де реттеулеріңізді сұраймын.» дейді Ардақ Мухтарова “Демеу” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің  заңгері.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар