/

 Боратқа қатысты Дикий Арман не дейді? Ал Борат ше?

2411 рет қаралды

«Борат-2» фильмінің тұсауы кесілгелі бері  Қазақстан ғана емес алыс-жақын шет мемлекеттер де шулады. Көбі Саша Барон Коэннің бұл әрекеті дұрыс емес деген пікір білдірді. Кім білсін кейбірі іштей мысқылдап күліп те алған болар?..                                                                   

Осы жағдайға қатысты «криминал авторитет», қиын қыстау шақта еліне жанашыр болған, пандемия кезінде халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еткен  Дикий Арман, яғни Арман ЖҰМАГЕЛДИЕВт е өз пікірін білдірді:  Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып жатыр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Егер ұстасам… Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен «супермен» емеспін. Орыста мақал бар ғой, «Один в поле – не воин». Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Алланың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін. Біз қазақ батырлардың ұрпағымыз.

Осыдан кейін елдің тұтқасын ұстап отырған біршама беделді азаматтарымыз да түрлі пікірлер білдіріп, бірауыздан «қайтсек те жазасын беруіміз керек, еліміз бен туымызды қорлауға жол бермейміз» деген байламға тоқталған. Сөйтіп бәріміз бір күнде патриот боп шыға келдік. Туымызбен мақтандық. Мақтанған дұрыс әрине. Тек біреу біз мақтанатын нәрсені қорлаған кезде ғана емес қой… Ақыр аяғы Боратқа жер-жебіріне жетіп небір сұмдық қылып айтқан сөздеріміз бен жасаған іс әрекетіміз Саша Барон Коэннің құлағына жетіп ол былай деп тіл қатыпты:

– Қазақстан Үкіметі  фильммен күресу үшін миллиондаған доллар жұмсағанын білгеннен кейін, комедияны жаңартуға   шешім қабылданды. Тіпті, арнайы конференциялар да өткіздік. Олардың күресі, керісінше, бізді шабыттандырады, – дейді.  Тіпті  кешірім сұрау ойында жоқ екенін айтқан.

Қарапайым халық  Алматыда Бораттың суреті бейнеленген дәретхана қағазын шығарды, Ақтауда қоқыс жәшігіне, Нұрсұлтан қаласында дәретхана баспалдақтары мен дәліздеріне  Бораттың суретін жабыстырды. Ал бұл сол Боратты шабыттандырады екен!    

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі