//

Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлеріне арналған халықпен байланыс жасау бойынша «Ашық диалог» оқыту тренингі өтті

1279 рет қаралды

«Эко Культура» қоғамдық қоры мен Алматы қалалық қоғамдық кеңесі Алматы қаласының әкімшілігі мен «Ашық диалог» қалалық қоғамдастығы арасындағы байланыс сапасын арттыру, диалогты нығайту мақсатында тренинг өткізді.

Тренингке қала әкімшілігі департаменттерінің, аудан әкімшіліктерінің, Open Almaty қоғамдық қабылдауының жетекшілері мен мамандары, мәслихат депутатттары қатысты.

«Тренингті өткізуге Eco Kultura Қоғамдық қоры 2020 жылдың ақпан-тамыз айлары аралығында өткізген «алматылықтар не қалайды?» атты зерттеу қорытындысы негіз болған. Зерттеу Алматы қаласындағы мәселелерді оның ішінде қала әкімшілігі мен тұрғындар арасындағы және Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланысты саралауға арналған. Зерттеу тобы жұмыс барысында халықпен байланыс жасау ережелері мен тәртіптеріне әлі де мұқият қарау керек екенін анықтады», – дейді Eco Kultura Қоғамдық қорының жетекшісі  Алеся Нугаева.

Сонымен, әлеуметтік зерттеу қорытындысы сауалға жауап берген әр үшінші адам мәселені нақты айтқанымен, оны шешу үшін қайда барып қай мекемеге жүгіну керек екенін білмейтін (37%) болып шықты. Ал сауалға жауап берген әр төртінші адамның мемлекеттік басқару орындарына жүгінуде тәжірибесі болғанымен мәселе сол күйі шешілмеген. Сауалнама нәтижесі   қала тұрғындарының 41%-ы Open Almaty қоғамдық қабылдауының жұмысы жайлы еміс-еміс естігенімен, бұл мемлекеттік құрылымға жүгініп көрмегенін көрсетті. Қалалықтардың шамамен төрттен бірі Open Almaty- ға жүгінген және бір емес бірнеше рет жүгінген болуы мүмкін. 31% қалалық бұл қоғамдық қабылдау жайында мүлде естімеген. Сауалнамаға жауап берген тұрғындардың қалаға байланысты мәселесі бар және ол бұрын да болған, Алайда, ол мәселе көп тұрғын үшін шешілмеген күйі қала берген.

Тренер Бақтыгүл Бурбаева, журналист, жанжалға сезімтал коммуникация және медиа сауат бойынша медиа-жаттықтырушы. Тренинг бағдарламасында қамтылған тақырыптар, құралдар мен технологиялар:

– Мемлекеттік органдар мен қоғамның әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынасындағы технологиялық құралдар мен қызметтің негізгі көрсеткіштері (KPI). Әлеуметтік желілерде тиімді екі жақты онлайн байланыстың сценарийлері мен қадамдық нұсқаулары.

– Қарым-қатынас стратегиясын құру; қарым-қатынас психологиясы, жанжалдарға қайта үңілу, жұқалау; шыққан және келген ақпаратты үйлестіру;

– Азаматтармен, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен, БАҚ өкілдерімен тікелей және кері байланыс орнату.

– Азаматтар мен ұйымдардан келген қатынас хаттармен жұмыс; қызмет көрсету кезінде ақпарат беру және алу;

Қала тұрғындары мен әкімшілік арасында байланыс орнату азаматтық қоғам құрудың маңызды қадамы. Диалог – қоғамдық сенімнің институттандырылған түрі. «Ашық диалог» тренингі қалалық мәселелерді тиімді шешіп, мақсаттарды ойдағыдай орындау үшін әкімдік пен жергілікті қоғамдастық арасында сапалы диалог құру үшін қолға алынған Eco Kultura қоры мен Қоғамдық кеңестің ауқымды бағдарламасының бөлігі.

Тренинг қорытындысы бойынша әкімшілік орындар мен қалалықтар арасындағы байланыс жобасын жетілдіруге байланысты нақты мақсаттар құрылады. Ол тұрғындардың сұранысы бойынша қала мәселелерін оң шешуге ықпал етеді.

Бұл тұрғыда мәслихат депутаты, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі  Алтынай Кобеева «Біз үшін жобаны «Эко Культура» қорымен бірге жүзеге асыру өте маңызды, өйткені қаланы дамытудағы маңызды қадамның бірі жергілікті атқарушы билік пен азаматтар арасында сапалы диалог құру, әрі  бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Байланысты сауатты түрде орнату өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге көмектеседі. Алматы қоғамдық кеңесі қоғам мүддесін қорғай отырып, әр азамат өзінің даусы естілгенін және оған тиісті орындардың құлақ асқанын, түсінгенін қалайтынын жақсы біледі», – дейді.

Жоба Алматы қоғамдық кеңесінің, Сорос Қазақстан қорының, Alma U Алматы Менеджмент Университетінің қолдауымен жүзеге асты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі