/

Халық Аяжан Еділованы аяусыз өлтірген күдіктіні өлім жазасына кесуді талап етуде

3627 рет қаралды
1
Сурет инстаграмм парақшасынан алынды

2021 жылдың 19 наурызында Сымбат дизайн және сән академиясының 4-курсында оқитын Аяжан Еділова жұмыстан шыққан соң ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Жатақханаға келмегенін білген достары Аяжанға хабарласады. Алайда телефоны сөндірулі болған.  20 наурыз күні қыздың туыстары  12.00 де полицияға хабарласады. Бірақ полиция арызды қабылдамайды. Ал достары мен еріктілер қызды өз беттерінше іздеуге кіріскен.

Сурет марқұмның инстаграмм прақшасынан алынды

21 наурыз күні еріктілер Аяжанды жұмыстан алып кеткен  такси жүргізушісін табады.  Жүргізуші Аяжанды алып барған жердің мекен-жайын көрсеткен.  Алайда  таксиге Аяжан емес Руслан есімді ер адамның тапсырыс бергені белгілі болады. Кешкі сағат 23.00 де полиция қызметкерлері айтылған мекен-жайдан үсті-басы қанға боялған ер адамды алып шығады да,  қыздың туыстарына пәтерде Аяжанның жоқтығын айтады. Ал шын мәнінде пәтерде қыздың бөлшектелген өлі денесі болған.  22 наурыз күні Аяжан Еділованың ағасы әлеуметтік желіде  қарындасының өлімі туралы таралған ақпаратты көріп  сағат 12.00 шамасында туыстарымен полиция бөліміне келеді. Полиция қызметкерлері қыздың өлімін растайды.

Бұл қылмыстық іс туралы «НеМолчиkz» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі: «Егер туыстары мен еріктілер Аяжанды өз беттерімен іздемесе, олар жүргізушінің нөмірін, қызды апарып тастаған жерін таба алмас еді. Маньяк тым кәсіби және жылдам әрекет еткен. Біз қайтыс болған қыздың ағасымен және оның тәтесімен сөйлестік, туыстары көбінесе қыздың қалай қиналғанын елестетіп, жан ұшырады. Қыздың басынан өткен нәрсені елестету өте қорқынышты.  Ал маньяк болса полиция оны тапқан күні ол өзінің тамағына пышақ сұғып алған. Оны жедел жәрдем көлігімен алып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыздың туыстары қылмыскердің басқа да құрбандары болуы мүмкін екенін айтады. Оған қоса, психикалық ауытқуы бар деп жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Олар ауыр қылмысы үшін күдіктіні өлім жазасына кесуді талап етіп отыр, – деп жазды өз жазбасында.

Ал Аяжан Еділованың ағасы Алмат Мүліковтың айтуы бойынша күдіктінің жоғары медициналық білімі бар. Отбасы да оқыған, білімді адамдар көрінеді.  Сонымен қатар полиция бөлімі бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов: күдікті 1993 жылы туылған Н., Алатау ауданының Нұркент шағын ауданында тұратыны анықталды, ол Түркістан облысының тумасы. Қазір күдікті ауруханада жатыр, өйткені ұстау кезінде ол өзін-өзі өлтірмек болып, мойнына пышақ сұғып алды. Оған ота жасалды, қазір ол колонна орналастырылған бөлімге ауыстырылды. Ол қамауда, ал сауыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Ол өзінің кінәсін мойындады », – деді.  Абдрахмановтың айтуынша  көз жұмған  қыз күдіктімен 16 наурызда әлеуметтік желіде танысқан. Күдікті мен марқұмның арасында жанжал болып нәтижесінде ол қызды өлтіріп, қылмысын жасырмақ болып, оны бөлшектеген. Ізді жасыру үшін дененің кейбір бөліктерін ауланың сыртындағы қоқыс жәшіктеріне тастаған. Полиция қызметкерлері іздестіру барысында қоқыстан дене бөлшектерін тапқан. Ал  күдіктінің «маньяк» екендігі туралы сұраққа арнайы прокурор Қанат Қоңғожинов: бұлай  айтуға негіз жоқ деп жауап берді.                                                                          Сурет инстаграмм парақшасынан алынды

Марқұмның  әпкесі Бибігүл Абилталипова ДНК тесті жасалмайынша мәйіттің Аяжанға тиесілі екендігіне 100 пайыз сенімді емес  екендігін айтты. – Біз бірінші кезекте ДНК жасалуын талап етеміз. Экспертизаға ешқандай туысын шақырған жоқ. Ал мәйіт аяусыз бөлшектенгендіктен, дененің нақты Аяжанға тиесілі  екендігін танып-білу мүмкін емес. Полиция қызметкерлері түсірген суретте қылмыскер қыздың әр саусағын және әр тісін мұқият кесіп, жұлып алғандығы көрсетілген.  Ал егер ол мәйіттен құтылғысы келген болса оған оның денесін бөлшектеп керегі не? Сондықтан біз полиция мәлімдеген мәліметке сенбейміз. Және мәйітханаға хабарласқанымызда бізге, қылмыс орын алған пәтерде екі адамның денесі табылғандығын айтты. Арада біраз күн өтті. Алайда мәйітханадағы тексеру жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Аяжанның ата-анасы қыздарының өліміне сене алар емес. Сол себепті әкесінен ДНК тестін алып бізге нақты жауап бергендігін талап етеміз. Өйткені бұл психологиялық тұрғыда денсаулыққа салмақ түсіретін ауыр жағдай.  Ол жерден екі бірдей өлген адамның денесі табылған болса мәйіттің нақты Аяжандыкі екендігін дәлелдеп берулеріңізді сұраймыз,- деген жан-айқайын жеткізді.

Тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бір аптаға жуық уақыт аралығында әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатқан 19 жастағы Аяжан Еділованың  жантүршігерлік өлімі  бойжетіп отырған қызы бар әрбір  отбасының алаңдаушылығын туғызды. Желіде пікір білдіруші халық күдіктіні өлім жазасына кесуін талап етіп, бұл істі тікелей ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  қолына алуын сұрады.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

1 Comment

  1. Өлім жазасы да жеткіліксіз ол оңбағанға! Оның да денесін бөлшектеу керек

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар