////

Орал қаласында вакцинациялау қалай жүрілуде?

3941 рет қаралды
COVID-19 new coronavirus vaccine, thermometer and medical mask

28 сәуірден бастап Орал қаласында халықты жаппай вакцинациялау үшін мобильді екпе жасау пункттері ашылды. Медициналық көмек көрсететін жылжымалы кешендерді дөңгелекті емханалар десек те болады. Олар қаладағы 4 ірі сауда орталығы: «City Center», «Asia Mall», «Жәңгір хан» және орталық базардың жанына қойылған. «Жәңгір хан» сауда орталығының жанындағы мобильді екпе жасау пункті Халыққа қызмет көрсету орталығының жанына кезекпен ауысып қойылады.

Мобильді пункттердің жұмыс кестесі емханалардағы кабинеттер сияқты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін. Егер қажеттілік болса және вакцина алғысы келетіндер болған жағдайда жұмыс кестесі ұзартылады.

Жылжымалы кешендер қалай жұмыс жасайды? Сауда орындары, базарларға келушілердің кез-келгені жеке куәлігін көрсетіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ала алады. Екпе алғысы келгендер сол жерде міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі. Егер қарсы көрсеткіштері болмаса азаматтарға вакцина салуға рұқсат. Вакцина жасау талаптарына сәйкес осы процедурадан кейін адам 30 минут медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.  Оралдықтарға өз таңдауына қарай қазақстандық QAZVAC және ресейлік Спутник V вакциналары ұсынылуда.

Осыдан 4 күн бұрын БҚО денсаулық сақтау басқармасы INSTAGRAM әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2000 доза қазақстандық QAZVAC вакцинасының партиясы келгені туралы хабарлаған еді.

ЖАЛПЫ ОБЛЫСҚА ҚАНША ВАКЦИНА КЕЛДІ?

 Қанша азамат вакцина алып үлгерді? Осы және басқа да сұрақтарға БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметтерге сүйенсек облыс бойынша 1 ақпаннан бері COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялау басталған уақыттан вакцинаның екі компонентінің 48 300 дозасы жеткізілген, дәлірек айтсақ 24 150 доза – І компонент, 24 150 доза – ІІ компонент.

Бірінші партиямен келген вакцинаны алған азаматтар саны 23870 адам, бұл пайыз есебімен келген вакцинаның 98,8%.

2021 жылдың 21 сәуіріне ІІ компонентті алған азаматтар саны тек 5 014, бұл пайыздық есеппен вакцинаның ІІ компонентінің 20,7%. Осыған қарап отырып, келген вакцинаның І компонентін азаматтар толыққа жақын алғанмен, ІІ компонентті алғандар саны аз екенін көруге болады және осы жағдай алаңдатады. Ал, ІІ компонентті алуға ниеттілер неге аз, оның себебі неде?

 

Вакцинаны алу ерікті түрде жүргізіледі, жоғарыдағы кестеден міндетті вакцинацияланатын сала мамандарының барлығын қосқанда басқалар деген сала көрсеткішінің (12 409) артқанын көреміз. Ақпарат ағынының арасында вирус пен вакцина жайында құрылымды, сауатты ақпараттан көрі әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенетіндердің көп екені жасырын емес. Олай болса осы көрсеткіш азаматтардың ресми ақпарат көзін пайдаланып, ерікті түрде вакцинациялауды таңдағанының белгісі деп білеміз.   

9 сәуір күні облысқа 14 000 доза (І компонент) есебінде вакцинаның жаңа партиясы түскен және тапсырыс бойынша облыстың медициналық ұйымдарына бөлінген.

Тұрғындарды вакцинациялаумен неғұрлым жоғары қамту мақсатында екпе пункттері демалыс күндері де жұмыс жасайды екен. Осылайша екінші партиямен келген вакцинаны 13 720 адам алған, яғни келген вакцинаның 98% егілген. Екпе пункттерінің 9-шы және 20-шы сәуір аралығындағы күнбе-күн жасаған екпе саны да көрсетілген.

10 шақты күннің айналасында 13 720 адам вакцина (І компонент) алып үлгеріпті. Сәуір айының соңында тағы 38 800 доза (19 400 доза – І компонент, 19400 доза – І компонент) вакцина жеткізіледі деп күтілуде деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы

МОБИЛЬДІ ЕКПЕ ЖАСАУ ПУНКТТЕРІНДЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

 Біз 30 сәуір күні сағат 13.50-де Оралдың Мұхит көшесінде орналасқан орталық базарына келдім. Алдын ала хабарланғандай мобильді екпе жасау пункті базар әкімшілігінің жанында орналасыпты. Біз келген кезде адамдар легі  аз болған, жарты сағат  өткен соң көбейе бастады. Осы кезде вакцина таусылғаны анықталып, емханадан қосымша вакцина алдыру қажет болды. Медициналық қызметкерлерден сұрап көргенімде түске дейін 70 доза вакцина (І компонент) егілгені туралы айтты. Сағат 14.40-та 50 доза вакцина (І компонент) жеткізілді. Мобильді пунктке келген 50 жастағы әйел адам бірнеше күн бұрын вакцина алғаны (І компонент) туралы айтты. Ол қазір Спутник V вакцинасының ІІ компоненті туралы білуге келген. ІІ компонентті 6 мамыр күні алуы қажет екен. Вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін еш ауыртпалық, не ауру болмаған.  

Келіп, сұрастырушылардың арасында egov сайтынан вакцинацияға өтініш тастап, еш жауап ала алмағандар да бар. Вакцинация процесі куәлік бойынша тіркеліп, адамдардың қызуын өлшеп, онкологиялық тіркеуде тұрмағандығын, соңғы 6 айда коронавирус жұқтырмағанын тексере отыра жүзеге асырылады. Вакцина салынған соң, белгілі бір уақыт аралығында салдырған адамның жағдайы бақылауда болады.

«Коронавируспен ауырып не ауырмағанымды білмеймін. Жақындарымнан айрылдым, 3 адам коронавирустан көз жұмды. Сондықтан мен бүгін вакцина алуға келдім. Осыған дейін базарда арнайы автобус тұрғаны туралы естіген едім. Мақсатты түрде вакцина алу үшін келдім. Қазір ғана ресейлік Спутник V вакцинасын алып шықтым. Еркіндікті, жеңілдікті сезініп тұрмын. ІІ компонентті де міндетті  түрде аламын. Қауіпсіздік үшін қажет деп шештім» – деді қуаныш сезімін жасыра алмаған 55 жастағы Ирина Кондрашева.

Келесі вакцина алған азамат 33 жастағы Берік. Ол да Спутник V вакцинасының І компонентін алған. Екпеден кейінгі жағдайы туралы «Еш жерім ауырмайды, бәрі қалыпты, өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бұрын коронавируспен ауырған жоқпын» деді.

«Иә, мен коронавируспен өткен жылы ауырып шықтым. Жеңіл түрінде өтті деп ойлаймын. Алдымен иіс, дәм сезбей қалдым. Енді өзімді сақтандыру үшін Спутник V вакцинасын алдым. Қазақстандық вакцинаны алуға тәуекел ете алмадым. Қорықтым. Вакцинаны өз еркіммен келіп алып тұрмын. Менің анам да ресейлік вакцинаны алды, мен де осы вакцинаны алдым» деген 21 жастағы Анастасия қауіпсіздікті қолдайтынын білдірді.

«Коронавируспен ауырған жоқпын, бірақ денсаулығым үшін вакцина алу керек деп шештім. Вакцина алуға өз еркіммен келдім. Спутник V вакцинасын таңдадым. Көңіл-күйім де, қал-жағдайым да жақсы» – дейді 43 жастағы Нұргүл атты қала тұрғыны.

Ажардың айтуынша вакцина алғандардың ішінде Ораза ұстап жүрген азаматтар да болған.  Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцина жасау абзал.

Еске сала кетсек, COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялау үшін өңірімізде 30 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе кабинеттері қызмет етеді. Вакцина тегін жасалады, вакцинаны өндіруші еліне қарай өзіңіз таңдай аласыз.

https://www.instagram.com/p/CN7xry8HQ7J/?utm_source=ig_web_copy_link

Альфия Шамай, Ажар Туралиева, Орал, БҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері