//

Медиа машық тренинг өтті

3247 рет қаралды

Шілденің 8-11 күндері зум платформасында “Медиамашық дамыту” тақырыбында тренингі  болып өтті.  Төрт күнгі тренингтің негізгі тақырыптары медиа ақпараттық сауат, үгіт-насихат, ақпаратты манипуляциялау, ақпаратты тексеру, ашық деректермен жұмыс, фотоның, видеоның фейк екенін анықтаудың амалдары.

Медиа тренелерлер: журналист Әсем Жапишева, пиар маманы Гүлім Оразбаева, ІТ маман Данияр Мұқан және Оразай Қыдырбаевтар. Ұйымдастырушы Ғалымжан Оразымбет.

Интерньюс-Қазақстанның қолдауымен өткен тренинг  бүкіл аудиторияға арналғанымен қатысушылардың басым көпшілігі журналистер болды. Журналистердің осындай бір ауқымды шараға сусап жүргенінің куәсі болдық. Тренинг соңында медиа этикасын талқыладық, осы талқылауда көкейімізде қордаланып қалған қаншама сауалдың бар екеніне көз жеткіздік.

Халима Тәжіқұл, журналист: ДИЖИТАЛ ГИГИЕНА ҰСТАНАСЫЗ БА?
– Көктемде нетбугыма «Доктор веб» антивирус бағдарламасын орнаттым. Орнатқанымды қайтейін, adilet.zan.kz сайтына кіре алмай қалдым. Әлгі сайтты терсем, «Бұл ресурс сіздің компьютеріңіз үшін қауіпсіз емес» деген хабарлама шығады да тұрады. Амал жоқ, ұялы телефон арқылы кіріп, қажет заңдарды көшіріп алып отырдым. Бұл сараптама жасау үшін екі жұмыс, ыңғайсыз шаруа. Сөйтсем, бұл сайттың қауіпсіздік сертификаты жоқ болған екен ғой. Ал егер сайтқа кіру өте маңызды болса, антивирус бағдарламасындағы әлгі сайтқа шектеуді алып тастайтын тетігін басса болды екен. Бүгін ІТ маман Данияр Мұқанның тренингінен кейін мұның сырын біліп, көзім ашылды)
Данияр да #InternewsKazakhstan ұйымының қолдауымен өтіп жатқан Медиамашықты дамыту тренингі аясында дижитал қауіпсіздік пен дижитал гигиена туралы маңызды ақпараттарды бөлісті.
Өз басым ПДФ форматтағы мәтінді уордқа немесе керісінше уордтағы материалды ПДФ форматқа айналдыру үшін гуглдетіп жіберіп, конвертация жасайтын сайттардың қызметіне жүгінемін. Бір сайттың қызметін бірнеше рет қана тегін пайдалануға болады, одан кейін ақылы қызметіне жазылу қажет. Ал біз тегінге үйренгенбіз ғой, сол қызметті ұсынатын басқа сайттың тегін қызметін тұтына бастаймыз. Сөйтсем, ол сайттарға да сенім жоқ екен, сіздің материалдағы ақпараттарды өзіне қотарып алуы әбден мүмкін.
Айтпақшы, былтыр елімізде интернет жиі бұғатталғанда бәріміз VPN арқылы интернетке қосылып бір жырғап қалып едік қой, сол да дұрыс амал емес екен. Арзанның сорпасы татымас дейді, ал тегін дүниеден тіпті қашып жүру керек болды: тегін VPN арқылы сіз де басқа елге өзіңіздің дерегіңізді өз қолыңызбен бересіз. Ал егер жеке VPN серверін жасап алсаңыз, ақпараттық қауіпсіздігіңіз үшін алаңдамай жүре бересіз. Оның ақысы да аса қымбат емес, айына ары кетсе, 5-10 доллар.
Цифрлы әлемде өмір сүре бастаған соң дижитал гигиенаны сақтау өте маңызды. Әйтпесе хакерлер шабуылының құрбанына айналасыз. Мысалы, сертификаты жоқ сайтта ешуақытта төлем жасамаңыз.
Біреудің компьютері мен телефоны арқылы банктегі жеке кабинетіңізге кірмеңіз!
Егер дижитал сауатыңызды арттырғыңыз келсе, Данияр ұсынған Harvard CS50 (English),
Openu.kz (Қазақша)
Java rush (орысша) онлайн курстарын қарауыңызға болады.
Даниярдың t.me/qazcard телеграм каналына жазылып, дижитал сауатты көтеруге де мүмкіндік бар.
Қазақ тілінде ақпараттық технологияға қатысты ақпаратты түсіндіретін тілі жатық тренерлердің барына қуанып қалдым.
Жүлдыз Әбділда, журналист: 
  – Тренингі өте пайдалы болды.Гүлім Оразбаева мен Әсем Жапишеваның пропаганда, манипуляция, фактчек тақырыбындағы дәрістері мен Оразай Қыдырбаевтың
медиадағы ғадауат тілі және гендерлік стереотиптер туралы дәрістері өте көп мағлұмат берді. Оразайға СДУ-да сабақ берген едім. Не үйрете алғанымды білмеймін, өзім көп нәрсе үйрендім. Бүгінгі сабақтан кейін “антиваксер” деген сөзді пайдаланбаймын деген шешімге келіп отырмын. Расында, бұл да – хейт спич.
Ал Данияр Мухановты тыңдағаннан кейін тағы да пароль ауыстыру керек болды. Медиасауат туралы қанша білемін дегенмен, білмейтінім де көп екен.
Осы тренингті ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Және мұндай тренингтерге бірінші кезекте “жаға ұстатқыш” порталдар мен рейтинг қуған газеттердің басшылары қатысса, өте пайдалы болар еді.

Жадыра Мүсілім, журналист:

– Он үш жылдан аса журналистика саласында жүріп, медиасауатымыздың төмен екенін енді біліп жатқан жайымыз бар. Бүгінгі медиасауатты арттыруға арналған тренингте БАҚ-ғы ғадауат тілі, дижитал гигиена туралы біраз ақпараттарға қанық болдық. Қазіргі хайп қуған заманда ғадауат тілін қолдану сәнге айналды ғой. Біздегі ақпараттық сайттар мен телеарналарда ғадауат тілінің небір түрін қолданады. Сонысы үшін өтімді. Бірақ оның соңы тұтас ұлт пен мемлекет үшін қауіпті. Өйткені, ақпараттық соғыс – мылтықсыз майдан. Ауыздан шыққан әрбір сөз атылған оқпен тең. Қысқасы, тегін сайттарға сенім жоқтығына, “нәзік ” сөзін де кез-келген жерде қолдана беруге болмайтынын біліп жатқан жайымыз бар.

Милана Елеусінова, журналист:
– Медиа этика, медиадағы өшпенділік тілі, ғадауат тілінің түрлері мен салдары, адам жынысына қатысты стереотиптер туралы миыма төңкеріс жасаған журналистика магистрі, медиатренер, «About media in kazakh» телеграм каналының авторы, Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Оразай Қыдырбаевтан  адамдарды қоғамдық-экономикалық сыныбы арқылы кемсіту, әйел және еркек деген таптаурындар, “тастанды бала” тақырыбында тек әйелдерді кінәлау, тасбауыр ана, безбүйрек ана, көкек ана деген толып жатқан тіркестермен өрілетін ғадауат тілінің себебі де салдары да медиасауат жетіспеген кезде орын алатынын ұқтық. Екпе туралы материалдарда пікірлерде көп көрініс тауып жүрген ” антиваксерлер” деген де ғадауат тілі арқылы ол топтың өшпенділігін өршіктіріп алмауымыз керек екенін түсіндік.
Фактчекинг негіздерін үйреніп, фейкті анықтап, онымен күрес тәсілдерін қалай жүргізуге болатынын үйрендік. Бұл тәсілдерді бізге танымал журналист, медиатренер, фактчекинг бойынша маман, «Тіл кеспек жоқ» YouTube каналының және masa.media авторы Әсем Жапишева өзінің OSINT және Google, yandex арқылы кері тексеру және “smart” іздеу тәсілдері арқылы түсіндірді.
Кәсіби PR маман, қазақ тілінде ең танымал «PR туралы» телеграм каналының авторы, PR сөзін дұрыс талқылап, дұрыс түсіндіре алатын медиатренер Гүлім Оразбаевадан БАҚ пен жарнамадағы, пропагандадағы манипуляция түрлерін, оларды ажыратуды үйрендік. Гүлімнің “адамдарға нені ойлау емес, қалай ойлау керектігін үйрету керек” дегені қатты ұнады. Қазір өзі сыни ойлау деп мектептегі баладан бастап қақсап жүрміз ғой. Оның қасында медиа басшыларына да медиасауат туралы білімдерін кеңейткені абзал -ау. 10 тәсілмен сананы шайып алып, пропаганданың 7 техникасы барын білдік.
Интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтеріміз бен аккаунттарымызды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету машығы кез келгеніміз үшін қажет. Бұл машықтарды кәсіби IT маман, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Cardiff University, Advanced Computer Science оқу бағдарламасы), телеграмдағы IT тақырыбына арналған «Kazakh in Cardiff» каналының авторы Данияр Муханов “Диджитал гигиена” тақырыбында түсіндіріп өтті. Біз мән бере бермейтін дүние көп екен дедім.
 “Самаурыннан су ақты”дегенді “Самарқандта су тасыды” деп шайып кетпеуімізден бастап, әр ақпаратты жедел ұсынудан бұрын, жалған еместігіне көз жеткізу туралы бұрын айтып қойсақ, іс жүзінде тексеруге болатынының да мүмкіндіктеріне мән бердік.

– Бұл сабақ маған қатты ұнады. Соңына дейін сабаққа қатыстым. Журналистика бойынша үшінші курсты тәмамдадым. Негізі мақсатым жазда бос жатпай барлық сабақтарға қатыса берейін деп ойлап келген едім. Мұндай деңгейде жақсы білім аламын деп ойламадым.
Басында тест тапсырғанда 6 балл алып өзімнің қаншама нәрсені білмейтінімді түсіндім. Керемет талқылау болды. Пост-тест тапсырып нәтижемді көріп қуанып отырмын. Барлық сабақты скриндап алып, білмейтін дүниемді қайта оқып қарап алдым. Спикерлерді шын өмірде көрмесем де сырттай танитынмын. Осылай онлайн кездескеніме өте қуаныштымын.
Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Медиасауатты болу өте маңызды екенін түсіндім, – дейді Айбике атты қатысушы да.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері