///

minber.kz сайты азаматтық журналистерді іздейді

3195 рет қаралды

Құрметті “Мінбер” оқырманы!

“Мінбер” сайты екі жылдан бері “Азаматтық журналистер” жобасын  жүзеге асырып келеді. Бұл жоба аясында былтыр сегіз, биыл жеті журналист арнайы дайындықтан өтіп, мақалаларын жариялады. Олар өздері қалаған тақырыпта мақалалар мен видеолар дайындап, көптің көкейіндегі өзекті мәселелерді зерттеді. Көпшіліктің назарына ұсынды. Егер Сіз алдыңғы жылдары «Азаматтық журналистер» бағдарламасына өтінім жіберуге үлгермей не кеш біліп, қатыса алмай қалсаңыз биыл осы мүмкіндіктен құр қалмаңыз!

Егер Сіз қоғамдағы өзекті мәселелерге немқұрайлы қарай алмасаңыз, егер Сіз журналист болғыңыз келсе, көкейіңізде сізге маза бермейтін сауал көп  болса, ол сауалдарды зерттеп, жауабын тапқыңыз келсе және жедел ақпаратты жариялап тұрғыңыз келсе, ерекше оқиғалардың куәсі болып, оны көпшілікпен бөліссем десеңіз, ерекше адамдармен сұхбаттасып, Қазақстанның адам аяғы баспаған ерекше мекендер туралы ой қозғасам десеңіз онда осы жолы қапы қалмаңыз! 

www.minber.kz сайты дәл осындай адамдарды іздейді! Бізге Қазақстанның әр түкпірінен азаматтық журналистер керек. Сіздің жасыңыз, біліміңіз (журналистік біліміңіз болмауы керек) маңызды емес. Бастысы cіздің белсенді азаматтық позицияңыз бен бұл әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге деген ниетіңіздің болуы.

“Мінбер” сізге жаңа платформа ұсынып отыр, сіз біздің команда құрамында қызықты сұхбаттар ұйымдастырып, репортаж дайындап, ақпаратты талдап және тексеруді үйренгіңіз келсе, фото және видео түсіруді мақсат етсеңіз, мархабат, біз сізді күтеміз.

“Азаматтық журналистер” жобасының ерекшелігі сіз жоба барысында кәсіби мамандар дайындаған түрлі тренингтер мен шеберлік сағаттарына қатысасыз, білім мен дағды аласыз. Сіздің еңбегіңіз ақылы болады, азаматтық журналистерге арналған қаламақымыз бар. Сіз жоба соңында ұйымдастырылатын қатысушылар арасында өтетін байқауға қатысып, бақ сынап, үздік бола аласыз.

Біз Internews Kazakhstan халықаралық мекемесі ұйымдастырған “Азаматтық журналистер” жобасына қатысып, грант ұтып алдық. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 6 қаңтарында аяқталады.

Азаматтық журналистерді таңдау конкурстық негізде өтеді. Егер сіз Азаматтық журналист болғыңыз келсе, төмендегі форманы толтырыңыз:

«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі