///

Мемлекеттің көп балалы аналарға арналған әлеуметтік саясаты қаншалықты тиімді? Көп балалы аналар қажетті деңгейде көмек алып отыр ма?

5295 рет қаралды
фото: Алаш айнасы

“Мінбердің” кезекті тікелей эфирінде осы мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі, көп балалы аналар, әлеуметтанушы, саясаттанушы және заңгерлер  талқыға салды. Эфирді жүргізген Риза Исаева “Мінбер” сайтындағы сауалнаманы қорытындылап, аналардың мемлекеттік әлеуметтік саясатына көңілі толмайтындығын мәлімдей отырып, қатысушыларға “жалпы қазақ қоғамында көп балалы болудың артықшылықтары неде? Соңғы кезде қоғамда көп балалылар сынау неге етек алды?” деген сауал тастады.

Саясаттанушы Думан Қабдығалиев көп балалы болу біз үшін ең әуелі геосаясат тұрғысынан тиімді дейді. Өйткені ұланғайыр мекенді сақтау үшін адам саны көп болуы тиіс. Бұл бір кезде мемлекеттің стратегиялық құжаттарына да еніп, 20 миллионға жетудің амалдары да қарастырылған болатын. Екіншіден, бұл мемлекеттік қорғаныс. Халық саны көп елдер өздерінің мемлекетін қорғауда көп басымдыққа ие болады. Үшіншіден. бұның экономикалық тиімділігі бар. Не себебі, Тесла, Гугл секілді алпауыттар біздің елімізге келіп инвестиция салмайды. Себебі, халық аз. Халық аз болғаннан кейін рынок кішкентай, жұмыс күші қымбат.

Әлеуметтанушы Бану Абдрашова да Думан Қабдығалиевтің пікірін қолдай отырып, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың әлеуметтену мәселесі де оңай болатындығын айтады. Олар бауырмал келеді. Көп балалы отбасында тәрбиеленген отбасының балаларының тәрбиесі басқаша болады дейді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина мемлекеттің негізгі міндеті өз азаматтары мен көп балалы отбасыларын қолдау екендігін айтады. Әлеуметтік қолдау әлеуметтік қолдаудың көп деңгейлі жүйесі арқылы жүзеге асып келеді. Бюджеттен әлеуметтік көмек ретінде алты түрлі жәрдемақы және әлеуметтік сақтандырудан екі түрлі қолдау көрсетілетіндігін айтты. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 756 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл төлем былтырғымен салыстырғанда 19%-ға артық. Бұл жәрдемақылардың ең бастысы бала туғанда берілетін бір реткі жәрдемақы. Бұл төлем жаңа туған нәрестелерге  110-183 мың теңге көлемінде, балаларының санына жарай төленеді. 2020 жылы бұл жәрдемақы 430,7 мың отбасыға 52,3 миллиард теңге төленген.

Толығырақ видеода.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар