//

Алматы облысы: Күні кеше перзентханадан шыққан “үшемдер” ауруханаға түсті. Себеп: “Пневмония”

1491 рет қаралды

Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны Ардагүл Әскербек жақында үшемді дүниеге әкеліп, алты баланың анасы атанды. Үш сәбиді перзентханадан өткен аптада, яғни қараша айының 25-күні шығарған. Отбасымен қауышып, үйдегі кішкентайларына деген сағынышын басып үлгермеген ана, үш нәрестесімен бірге кеше ауруханаға түсті.

“Жаңадан өмір есігін ашқан үш періштеммен  ауруханаға түстік. Дәрігерлер “пневмония” деді. Өзім де ауырып тұрмын.  Кішкентайларым түнімен жылап шықты. Өмір есігін енді ашқан сәбилерімнің қолынан қан алып, шырылдатып укол салып жатыр. Жүрегім ауырып барады. Кеше дәрігерлер келіп, үйіміздің көгерген бұрыштарын көріп, шошып кетті. Біздің шаңырақ берекелі мекен. Сол киелі шаңырақта құлындарым дүниеге келді. Бірақ үшемдерім әлсіз. Айналасымен күресе алмайды әлі, олардың жағдайын жасауым керек”- дейді Ардагүл Әскербек.

Көпбалалы ана, үлгілі келін төрт бөлмелі  үйде ата-енесінің қолында, барлығы 12 адам тұрады. Нәрестелерінің денсаулығына алаңдаған ана шағын болсын, уақытша болсын пәтер берілсе дейді.

“Менің жасым 26 да, күйеуім 28 де,  жас отбасы деп немесе көпбалалы деп  қарастыруға боламай ма? Үй кезегіне тұрдым 126 көпбалалы ана деп. Бірақ жақын арада алмайтыным анық. Балаларымның денсаулығы үшін қорқып отырмын. Үшеуі де әлі тым кішкентай, ерекше күтім керек. Аман-есен бір-екі жасқа толтырып алсам, бұлай алаңдамас едім,” – дейді көпбалалы ана.

Толық және ресми ақпарат алу үшін Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Айманбековаға хабарласып көрдік.

“Иә, Ардагүл ханымды 25 қараша күні перзентханадан шығарып алғанбыз. Әкімшілік үшемге үш балалар арбасын, тұрмыстық техника, тағы басқа жөргектер мен шағын сыйлықтарын ұсынған. Көпбалалы ана мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке құжаттарын жолдап қойған, қаңтар айында қол жеткізеді. Баланың өмірге келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы әр балаға 183771 теңге. Үш балаға  551313 теңге, қаңтар айының 10 күні алады.  Күтіміне байланысты ай сайын бір балаға 25962 теңге, яғни алты балаға айына 173361 теңге алады.  Және айта кету керек, мемлекеттен берілетін сүт қоспасы (смесь) үшемге жарамайды екен. Сол себептен ай сайынғы  қоспаны (сместі) біз әкімдік тарапынан демеушілік танытып алып берсек деген ниеттеміз. Ал енді тұрғын үй мәселесіне келсек, үшемдерге үй беру заңда қарастырылмаған. Тек көпбалалы ана ретінде үй кезегіне тұрды. Алдыңғы қатарда тұрған аналарды ысырып тастап, ол кісіге үй бере алмаймыз. Біз барлығын заң аясында істеп жатырмыз”- деді Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Айманбекова.

“Иә, маған мемлекет тарапынан көмек беріледі. Бірақ келесі айда ғана. Ал осы айда, 23  күн менің балаларым аш жата ма? 1 сүт қоспасы 4-ақ күнге жетеді. Біреуінің бағасы-6000 теңге. Яғни маған 4 күн сайын  18000 теңге керек. Жөргегін, дәрі дәрмегін, басқа жа қажеттіліктерді  қоспағанда. Жолдасым мен енем  жұмыс жасайды. Жолдасымның айлығы үшемдерге жетер еді, бірақ  үйде үшемнен бөлек тағы 4 кішкентай бала бар.  Ешқайсы балабақшаға бармайды. Әкімдік тарапынан балаларымның балабақшаға бару мәселесіне көмек көрсетіліп жатыр. Келесі айда екі ұлым балабақшаға тегін барады. Қиын қыстауда бұл үлкен көмек, ” дейді көпбалалы ана.

Ауруханаға түскен үшемдердің жағдайын білу үшін Алматы облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарластық. Баспасөз хатшысы, үшемдердің ауруханаға түскенін білмейтінін және ақпаратты алған соң қайта хабарласатынын айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мәжіліс Тұңғыш Президенттің ҚХА мен Қауіпсіздік Кеңесіндегі өмір бойғы төрағалығын алып тастау туралы Конституциялық заңдарға өзгерту енгізіп, Сенатқа жіберді

“Мемлекет басшысының Парламенттегі соңғы сөзі шын мәнінде революциялық болды. Енді Парламент пен Үкімет оның барлық уәделерін

Ерлан Қарин: Біздің арнайы қызметкерлер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды және экстремистік ұйымдар мүшелерінің қақтығыстарға қатысу фактілерін анықтады

  Қазақстандағы арнайы қызметкерлер елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйымдардың мүшелерінің қатысы барын анықтады. Бұл туралы