///

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың Қаңтар оқиғасына орай қамауға алынғаны рас па?

1316 рет қаралды
1
фото: ҚазТаг
Бірқатар ақпарат құралдары бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамауға алынғаны туралы жарыса жазып жатыр.
Мұрат Бектановтың қамауға алынғаны туралы ақпарат әуелі бірнеше телеграм арналарында тарады. Кейін осы ақпаратқа сүйенген бірнеше отандық ресми БАҚ экс Қорғаныс министрінің ұсталғаны жайында жазып жатты. Мәселен, ҚазТаг сайты “Бұрынғы қорғаныс министрінің ұсталғаны жайлы ақпарат тарады” деген материал жариялады. Басылым ақпараттың тек телеграм арналарында тарап жатқанын жаза отырып, оның ұсталғаны жайлы ресми ақпараттың жоқ екендігін айтуды да ұмытпайды.
Тарап жатқан ақпараттарға сүйенсек, бұрынғы Қорғаныс министрі Қаңтар оқиғаларына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 452  бабы бойынша (биліктің әрекетсіздігі) Бас прокуратураның бастаған тергеуінің негізінде қамауға алынған.
Журналист Михаил Козачковтың телеграм арнасындағы ақпаратқа сілтеме жасаған басылым, ол арнадан мынадай цитата келтіреді:
“Кеше ол (Бектанов) ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оны Бас прокуратура тергейтін болады”
 Басылым Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураның баспасөз қызметтеріне хабарласқанын, алайда нақты жауап ала алмағанын жазады. Сондай-ақ сайт аталған ведомстволардың (Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті секілді күштік құрылымдар) ресми сайттарында да мұндай ақпараттың жоқ екендігін ескертеді.

Экс министрдің ұсталғаны жайында Ulysmedia.kz сайты да жазады. Бірақ бұл сайт ақпарат әлі  нақтыланбаса да “Экс Қорғаныс министрі ұсталды” деп өте сеніммен жазады. Басылым бұл туралы “дереккөздерге” сілтеме жасайды. Алайда қандай дереккөз екені айтылмайды. Әрі басылым Бектановтың Қылмыстық кодекстің 128 бабымен ұсталғанын айтады. Сондай-ақ, Ұлыс медиа “Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік пен “терроризм” актілері бойынша қылмыстық істерді тергеу барысында Мұрат Бектановтың қызметтік міндеттерін атқармағаны белгілі болды” дей отырып, 19 ақпанда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 452  бабы бойынша (биліктің әрекетсіздігі) қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Ulysmedia.kz корреспонденті Бас прокуратураға хабарласқанын жазады. Алайда жауап берілген берілмегені туралы айтылмайды.

www.interfax.kz сайты да “құқыққорғау органдарындағы дереккөзге” сілтеме жасаған.

“Азаттық рухы” сайты да осындай ақпараттың пайда болғанын айтып өтеді. Олар сілтемені “Не хабар” телеграм арнасына жасаған.

Бұл ақпарат Қазақстандық аталған сайттарға сілтеме жасалып ресейлік және басқа да постсоветтік елдердің сайттарында жарияланып үлгерді.

Естеріңізде болса, 19 қаңтарда  президент Қасым-Жомарт Токаев Бектановты Қорғаныс министрі лауазымынан алып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындаған. Жаңа министрді таныстыру барысында Президент Бектановты қаңтар оқиғасы кезінде “командирлік мінез” таныта алмады деп сынаған еді.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Бас прокуратура Бектановтың қамалғанын растады – Мінбер – Ақпарат агенттігі жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым