///

Маргарет Ходжының тізімі немесе қазақ байлары Ұлыбританиядан қалай жылжымайтын мүлік сатып алды? (жалғасы)

1155 рет қаралды

Біз Ұлыбритания Парламентінің депутаты Маргарет Ходжының (Margaret Hodge) тізімін жалғастырамыз.

Владимир Ким Қазақстанның ең бай адамы, оның байлығы – $4.3 миллиард доллар. Ол London Stock Exchange  тізіміне енген алғашқы Қазақ компаниясы Казақмыстың басшысы болған. Global Witness  жасаған есепке сүйенсек, Ким бұл компанияның сенімді басшысы болған, шын мәнісінде барлығын Назарбаев өзі қадағалаған. 2017 жылы Кимнің қызы Камила 18-ге толғанда Найтсбридж (Knightsbridge) деген жерде құны $60 миллион тұратын үш пәтер сатып алған. Оның әріптесі Эдуард Огай Қазақмыстың тел иегері, осы елдің Премьер-Министріне пара берді деп айыпталады.

Кеңес Рақышев Қазақстандық құпия миллионер, оның байлығы $1.6  миллиард долларға жетеді. Ол Қазақстанның саяси элитасына және Чешен Республикасының басшысына өте жақын адам ретінде саналады. Ал Рамзан Қадыровқа АҚШ санкция салған болатын.

Сауат Мыңбаев Энергия және минерал ресурстар министрі болған, алайда ол Бермуда аралдарында орналасқан 3 миллиард долларлық компанияның құпия иелерінің бірі, Бұл компания оның Министр екеніне қарамастан (мүдделер қақтығысын ескерместен) Қазақстанда мемлекеттік келісім шарттарды жеңіп алған. Оның әйелі мен ұлының Ұлыбританияда жылжымайтын мүлкі бар.

Александр Машкеевич, Паток Шодиев және олардың марқұм болған әріптесі, Eurasian Natural Resources Corporation атты компанияға иелік еткендігі үшін “Трио” деген лақап атпен танымал. Бұл Қазақ компаниясы да London Stock Exchange  тізіміне енген. 2013 жылы Serious Fraud Office африкалық саяси қайраткерге пара берді деп айыпталғаннан кейін аталған компанияға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Болат Утемуратов, Назарбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы, АҚШ-тың дипломатиялық телеграмы Утемуратовтың “президенттің жеке қаржы менеджері” болғанын хабарлаған. Оның өзінің жеке веб-сайты оның байлығын 3,9 миллиард долларға бағалаған.

Болат Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың өте бай інісі. 2008 жылы ол Манхэттендегі Плаза қонақ үйінен (Plaza Hotel) 20 миллион фунт стерлингке пәтер сатып алған. Қаңтардағы қанды қырғынға оның қатысы бар деп айыптайды.

Ахметжан Есімов ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, өзінің қызметін асыра пайдаланып, Британия Виргиния аралдарындағы құпия компаниялар арқылы британиялық “Казфосфат” компаниясын сатып алу үшін өзінің бұрынғы күйеу баласы Ғалымжан Есеновке несие беруді ұйымдастырған. Есенов қазір Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі.

Қайрат Боранбаевтың қызы Назарбаевтың немересіне қызын берген. Демек, ол да отбасы мүшесі. Ол бірнеше лауазымды қызметтер атқарған. Соның ішінде Түркіменстаннан Қазақстанға тартылған жемқорлықпен аты шыққан газ транзитін де  басқарған. Ол эксклюзивті жабық қауымдастықтағы Вирджиния-Уотерда Virginia Water 25,4 миллион фунт тұратын жекежайдың және Гайд-паркте (One Hyde Park) құны £60 миллион тұратын пәтердің, Найтсбриджде  (Knightsbridge) әрқайсысы £15  миллион тұратын ерекше үш пәтердің иесі.

Александр Клебанов және оның ұлы Яков. Алексндрдың байлығы $374 миллион, ол Central Asian Electric Power Corporation төрағасы. Бұл екеуі бұрынғы президент отбасының қаржы жөніндегі сенімді өкілі әрі Дариға Назарбаеваның байлығының қайдан келгенін “дәлелдеуге” көмектескен.

Нұрлан Нығматуллин, Бауыржан Байбек және Марат Бекетаевтар Нұр Отан партиясының басшылық құрамындағы белгілі тұлғалар және Назарбаевтың жақын серіктестері. Олар жемқорлыққа болысып, адам құқығына қайшы әрекет еткен деп айыпталады.

Ұлыбританияның Жоғарғы соты Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның $300  миллион долларды қалай офшор арқылы елден шығарып әкеткеніне ерекше тоқталады. Соның ішінде Британия Виргиния аралдары да бар.

Қайрат Сатыпалды мен Самат Әбіш Назарбаевтың немере інілері. Офшордағы қыруар байлықтың иесі. Екеуі де Назарбаевтар отбасында маңызды рөлге ие, қазір ірі лауазым иесі, бұл дегеніңіз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төніп тұр деген сөз.

P.S. Дегенмен Kaztag.kz сайтына сұхбат берген Олжас Сүлейменов Батыс Қазақстан бйларына санкция сала алмайды деген пікірде. «Батыс елдері оларды тек санкциялармен қорқытады. Олар олигархтарда қанша ақша бар екенін және бұл қаржының қылмыстық жолмен келгенін, өз еңбегімен табылмағанын, халықтан ұрланғанын біледі. Лондон білмеді ме? Америка Құрама Штаттары білмеді ме? Олар жақсы білді. Бірақ олар бұл ақшаны өз қалталарына салып, пайдаланды, бірақ қылмысты жауып, заңды деп айтты. Сондықтан оларға да ерекше сенім артудың қажеті жоқ. Нағыз заңға сену керек. Ағылшындық емес, американдық немесе қазақ емес – бұл әділет заңы. Және бұл заңды бәрі бірдей ұстана бермейді. Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының мүлкін мойындау туралы Швейцария сотының шешімін білеміз – олар өз еңбегімен 7 миллиард табыс тапты ма, әлде жоқ па? Ал Швейцария соты мұның бәрін заңды деп отыр. Біз бұл заңға сенбейміз», – деді Сүлейменов ҚазТАГ агенттігіне.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі