///

Су тасқынынан Қоскөл ауылына 57 адам көшірілді, оның ішінде 37-сі бала

741 рет қаралды

Осыдан бұрын хабарлағанымыздай Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернар Өтегенов су тасқынына байланысты Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарына барып келген соң, облыстағы су тасқынының өту барысы тақырыбында брифинг өткізді. 

Брифингте облыс әкімі өз сөзінде, – ҚазГидроМеттің мәліметіне сәйкес биыл қыста облысымыздың елді мекендерінде қардың көлемі орташа жылдық нормадан 40% ға көп түскен. Ауыл шаруашылық саласы үшін қуантарлық жағдай болғанымен, қардың көп болуы су тасқыны тәуекелдерін де ұлғайтады. Өкінішке орай, облыста соңғы 2 күн ішінде кейбір аудандарды су басты. Осы жағдайлармен танысу үшін біз Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, кейбір аудандарға барып келдік.

Ең қауіпті, қиын жағдай қазір Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында. Ауылдың айналасында мұз жиналып қалуына, қардың көп түсуіне, оның қарқынды еруіне байланысты ауылға екі күн ішінде су келіп, үйлердің жартысын су басты. Қалған үйлер сақталды, бірақ қауіп төнуіне байланысты барып, жағдаймен танысып, тиісті шаралар қабылдадық. Олардың негізгілерінің бірі ауыл тұрғындарының басым бөлігін басқа ауылдарға көшіру. Ауылда тіркеуде тұрған 197 адам болса, біз барған кезде шамамен 100-дей адам болды. Соның ішінде 37-сі мектепте оқитын балалар. Олардың басым бөлігі қасындағы Қоскөл ауылына көшірілетін болады, басқалары басқа ауылдарға, қалаға көшіріледі. Біз тиісті техникамен көмектесеміз, басқа да қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз. Сол ауылда тұрып жатқан жерлестеріміз айтқандай бұл бұрын болмаған, кенеттен болған жағдай. Расында табиғи апат деп айтуға болады. Үлкен кісілер, ауыр науқастар, босанатын әйелдерді, барлығын біз бірінші күні шығардық. Басқалары су кетеді деп үміттеніп қалды. Бірақ, су басу қаупін ескере отырып, біз оларды да көшіріп жатырмыз. Тек қана малды, үйлерді  қарайтын ер азаматтар қалады. Қазіргі жағдай осындай. Ауыл мұғалімдері оқу үдерісін үзбеуді сұраған болатын. 37 баланың жартысы Қоскөл ауылында оқиды. Басқалары тума, туысқан, жақындарына барып, Орал қаласында оқиды. Қай жерде уақытша тұрса, сол жерден уақытша сабақтарын алады.

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ КЕШЕГІ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША: 

Сегізсай және Шыңғырлау ауылдарының ортасында су тасқыны 9 жерден жолдарды бұзып кеткен. Осы ауылдардың арасындағы автокөлік қатынасы қазір тоқтап тұр. Кеше көп су болды, дегенмен бүгін барған кезде су көлемінің азаюын байқадық. 1-2 күн ішінде су далаға кетіп, жолдарды қалпына келтіреміз деп сенеміз. Қажетті техника, қиыршық тас, құмды Шыңғырлау ауданына апарамыз. Біз барған кезде Алмаз ауылындағы кіреберістегі көпірді су шайып кетті. Ауылға еш жақтан, Ақтөбе жағынан да, Шыңғырлау жағынан да жол қатынасы қазір болмай тұр. Егер қиын жағдай болып жатса, біз сол ауылдың тұрғындарына көмекке бару үшін дала жолдарымен жету мүмкіндігі бар. Жолдарды анықтап жатыр. Төтенше жағдайлар басқармасының техникасы бар, қазіргі уақытта үлкен қауіп жоқ деп есептеймін. Барлық ауылдар азық-түлік, басқа да қажетті заттармен қамтылды. Шыңғырлау ауданындағы науқас, не басқа үлкен кісілерді көшіріп шығардық. Жалпы жағдай қазір біздің бақылауымызда. Екі аудан бойынша облыс көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен адамдардың шығындарының барлығын тиісті комиссиялар қарайды, есептейді, егер негіздемесі болса, біз мемлекет тарапынан қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар, әр ауылда кәсіпкерлер бар, яғни тек мемлекеттік органдар емес, бәріміз жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші зардап шеккен жерлесерімізге көмек көрсетуге шақырамын.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернар Утегенов: 

– Төтенше жағдайға орай 30 наурызда оперативті шатб құрылды. Оның мақсаты қар шығару, су шығару жұмыстарын қадағалау. 31 науыз күні Қаратөбе ауданынан хабар келіп түскенде, ең бірінші біздің тарапымыздан жергілікті ауылдың әкімшілігі, оған қарасты коммуналдық қызметтер және төтенше жағдай және өрт сөндіру бөлімі тез арада жіберілді. Ең бірінші, адамдардың құжаттарын алып, қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізді. Түстен кейін басқарма тарабынан облыстан екі бағытқа 70 адам, 22 техника, 7 мотопомпа, 2 қайық жіберілді. Қазіргі таңда 25 тұрғын үй, 30-дай кіші мал түлегі зардап шекті. Ешқандай адамның денсаулығына зиян келтірілген жоқ.

Судың келген себебі күннің  3-4 күн бойы 18 градус ыстық болып көтерілуінен су өз арнасынан асып, жолдан шығып, ауылдың ішіне кірген. Шыңғырлау ауданында болған 9 жағдай бойынша полиция қызметкерлері мен әкімшілікпен бірге 2-ші топ сол жаққа барып, әрбір елді мекеннің жолында орналасқан жырып кеткен жолдарға екі жақтан кезекшілік орнатты,

Алмазный ауылының маңында, Лубенка ауылында мотопомпамен су сору жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда ол аудандарда және Шалғын ауылында да судың төмен түсуі байқалып отыр. Дегенмен біз жоғарыдан келетін Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарындағы судың көлемін ескере отырып, Қаратөбе ауданының келу және кету бағытын бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда үлкен техника жүре алмайды. Қоскөл ауылына 57 адам көшірілді, оның ішінде 37-сі бала. Тамақ пен жатын орынымен толықтай қамтамасыз етілді. Шалғын ауылын бақылауда ұстау үшін сол жерде техниканы ұстап отырмыз. Ауылда қалған ер азаматтармен бірге су келген жағдайда жол жүрісін түзеп, қауіпсіз өтуіне жұмыс атқарып жатырмыз.

Қазіргі таңда күрделі болып отырған осы екі аудан, басқа аудандарда да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оперaтивтік штабта қауырт желі жұмыс жасайды. Тәулік бойы  әр саланың қызметкерлері медицина, полиция, төтенше жағдайлар, жер, жол қызметкерлерінің бәрі жұмыс жасауда.

Бұдан басқа біз барлық аудандарды, Оңтүстік аудандардың технкаларын дайындап қойдық. Қазір Тасқала, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Теректі аудандарында қардың көп түсуі қаупі бар.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым