////

Жазылған жайға орай: Шымкент полициясы Хайдарбекованың арызын негізсіз деп тапты

2863 рет қаралды

Шымкенттің тұрғыны, көпбалалы ана Хайдарбекова Карима Шермухамедовна Шымкент қаласының Әл  Фараби ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Е.Бердібеков пен мемлекеттік адвокат Б. Буркуловтың үстінен заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық іс қозғалуын талап етіп, Шымкент қаласының прокуратурасына арыз түсіргені туралы Minber.kz жазған еді.

Осы іске байланысты редакция атынан Шымкент қаласының Ішкі істер Департаментіне редакция атынан сұрау жолдаған едік. Шымкент ҚПД ӨҚБ-ның полиция полковнигі Н. Жұмахметовтың бекіткен жауабында:

«Қызметтік тергеу-тексеру құжаттармен жүргізілген тексеру барысында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ҚПБ-нің жедел уәкілі Е.Бердибековтің К.Ш. Хайдарбекованың арызында көрсетілген мән-жайларға қандай да бір қатыстылығын анықтау мүмкіндігі болмады.
Істің мұндай тұрғысында полиция капитаны Е. Бердибековке қатысты қандай да бір тәртіптік шара қолдануға негіздер жоқ деп есептеуге жатады» делінген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда болған қаңтар оқиғасынан кейін, алаңға шықты деген айыппен көп азаматтар қамауға алынған еді. Алты баланың анасы Карима Хайдарбекова да жазықсыз қамауға алынып, полициядан ұрыс, балағат естіген, онымен қоймай оны ұрып соққандығын айтады. Алайда оның ешқандай қылмысқа қатысы жоқ екендігі анықталған соң босатылған. Хайдарбекова өзін жазықсыз ұрып соққандардың үстінен шағым түсіріп, қызметтік жаза қолдануын өтінген.

Жұлдыз Ақтанжанова, 

ШҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері