//

Ескертусіз оқ ату: Қаңтар құрбандарының алдында билік кешірім сұрауы тиіс

773 рет қаралды

5 Маусымда Қазақстан баспасөз клубында Бақытжан Төреғожинаның “”Стрелять на поражение”, “Ескертусіз қасақана оқ ату” кітаптарының таныстырылымы өтті.

Кітапты таныстырушылардың пікірінше, кітап Қаңтар оқиғасына баламалы түрде баға береді.

МЕМЛЕКЕТ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАУАПТЫ 

Ғалым Нұрпейісов сол жақта

Мәселен адвокат Ғалым Нұрпейісов Қаңтар қырғыны Қазақстанда адам құқығын толығымен аяққа таптағанын айтады.

Қаңтардың алғашқы күндеріндегі жағдай адам құқығын толығымен аяқасты етті. 11 Қаңтарда менің қорғауымда болған Есенгазы Мұратбек аға маған хабарласып, оны тұтқындағанын және оған көмек қажет екендігін айтты. Cол кезде коменданттық сағат енгізілгендіктен мен шыға алмадым. Тиісінше, менің адвокаттық құқығым аяқ асты етілді. 12 Қаңтар күні мен Ішкі істер департаментіне келдім. Ол жерде мен секілді біраз адвокат тұрды. Бізді қорғауымыздағы адамдарға жібермеді. Оқ атамыз деп қорқытты. Біз тергеушіні күтіп тұруға мәжбүр болдық.

Бір жарым сағаттан кейін, Мұратбек Есенғазы ағамен кездесе алдым. Тек сол кезде ғана “қамауға алу” хаттамасын толтырды. Заң бойынша адамды “қамауға алу” хаттамасынсыз үш сағатқа ғана ұстауға құқылы. Одан кейін босатуы керек. Мұратбек Есенғазыны бір тәуліктен артық қамайды, содан кейін ғана “қамауға алу” хаттамасын толтырады. Мен оның денесінен көптеген жарақаттар мен көгерген жерлерін көрдім. Демек оны ұрып-соққан. Мен оны кім ұрғанын анықтап, соған қарсы іс қозғауды талап еткенде, сіздің жалаң сөзіңізден өзге ешқандай дәлел жоқ, сол себепті іс қысқартылады деді. Қажығалиев Нұртай 5 Қаңтар күні азық-түлік сатып алу үшін шығады. Сөйтіп атылған оқтың астында қалады. Екі рет оқ тиеді. 9 Қаңтарда оны қамауға алып, ұрып соғады. Әлдебіреулер оған жалған куәлік беріп, оның қолынан 6 қаңтар күні автомат көрдім деп айтады. Сөйтіп оны заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартпақ болады. Тек менің оның жедел жәрдем ауруханасында жатқанын дәлелдейтін кепілдемем ғана оны қылмыстық жауаптан құтқарды. Бұл жөнінде қаншама шағымданғанымызбен, ешкім құлақ аспады, Тек Бақытжан Төреғожинаға шағымданып, Қаңтар ісін қарайтын Альянсқа барғаннан кейін ғана шара қолдануды қолға алды. Бурабаева Жәмилаға да оқ тиіп, ауыр жараланады. Ең бастысы оның қылмыстық ісі құпия құжаттар қатарына еніп кеткен. Тіпті адвокаты менің өзім оны көре алмадым. Ол адамның өміріне қауіп төнді. Ал бүгін бұл адамның моральдық шығынын өндіре алмай жүрміз. Бұған мемлекет толығымен жауапты болуы тиіс.

Қаңтар оқиғасы адам құқығының толығымен аяққа тапталғанын көрсетті. Адвокат ретінде де, кінәсіз адамдарға да, олардың кінәсіз екендігін дәлелдеу де қиын болды. Сондықтан бүгінгі таныстырып отырған еңбек ең әуелі бізге Қаңтар оқиғасына саяси баға беру үшін де құнды” дейді Ғалым Нұрпейісов. 

Бақытжан Төреғожина: ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАН БОЛҒАНДАРДАН ҮКІМЕТ КЕШІРІМ СҰРАУЫ ТИІС

Қаңтар оқиғасы туралы қорытынды баяндаманы таныстырған құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина адам құқықтарының аяққа тапталғандығын айта отырып, Үкімет жазықсыз жапа шеккендерден кешірім сұрауы тиіс деген ой айтты:

Менің әріптестерім, құқыққорғаушылар дайындаған бұл баяндаманың аты “Ескертусіз оқ ату деп аталады. Бұнда біз “өмір сүру” құқығына көбірек акцент қоямыз. Егер өмір құқығы бұзылса, басқа құқықтардың маңызы қалмайды. Өмір сүру еркі бұзылса, оған кім жауапты, Әрі бұның қайталанбауы үшін не істеуге болады? Біз біздің мемлекеттің біздің көкейіміздегі барлық сұраққа жауап беруін қалаймыз. Біз бұл баяндамада бұлтартпас дәлелдер мен құжаттарды келтіріп отырмыз. Бұл баяндаманың соңында біз бес рекомендация жасаймыз. Біздің мақсатымыз осы рекомендациялардың жай сөз боп қалмауын қадалағалау. Өйткені халықаралық стандарттарға сай, кез келген мемлекетте адам құқығы бұзылатын болса, ол құқықты қалпына келтіріп қоймай, бұзушылар жазалануы тиіс.

Біздің бірінші рекомендациямыз, қаза тапқан азаматтардың толық тізімін жариялау. Оны жасыру, толығымен жарияламау өз азаматтарына деген құрметсіздікті білдірер еді.

Екіншіден, мына баяндамада 50 кейс баяндалады. Олардың арасында үш адам ең жоғарғы жазаға, он бес жылға сотталып отыр. Мәселен ақтөбелік Нұрсұлтан Исаевқа тағылған айып, офицердің денесіне жеңіл жарақат түскен. Ал адам өлтірген әскерилер 6 жылға сотталады. Біз тергеу барысын қадағалап отырдық. Онда соттағыларға қойылатын сауалдар өте көп. Сондықтан, осы қаралған істерге қайта оралу керек.

39 құпия құжаттарға енгізілсе, қырықтан астам іс тоқтатылған. Әсіресе қайтыс болғандарға қатысты істер ешқандай негізсіз тоқтатылған. Неге? Марқұмдардың туыстары бұл істің неге тоқтатылғанын, оларды кім атқанын білуі тиіс. Сондықтан оларды қайта қараған жөн.

Біз Қаңтар оқиғаны қатысқан адамдардың үш категориясымен жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші категориядағы адамдарға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Алайда олар тергеу изоляторында азапталғандар. Олар бүкіл Қазақстан бойынша екі жүздей. Олардың құқығы қалпына келтірілуі керек. 

Екінші категориялағы адамдар ол Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған және қылмыстық іс тоқтатылған немесе құпияланған адамдар. Оның туған туыстары асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алуға құқылы. Олардың аруағынан кешірім сұралуы керек. Алайда біздің талап арыздарымыз қайтып келіп жатыр.Соңғы категориядағы адамдардың саны – 12. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Тек жағдайдың құрбаны болғандар. Билік олардан қалай кешірім сұрауды білмейді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі