//////

Биылғы жазда балалар қалай демалады? Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлініп отыр

4772 рет қаралды
фото: ratel.kz

Мінбер.кз сайты 31 мамыр күні «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұмыспен қамту, колледждерге тапсыру» жайында тікелей эфир өткізіп, оған ҚР БҒМ Балалар құқығын  қорғау бойынша комитеті төрағасының орынбасары Дулат Шайкенұлы мен Қарағанды облысы білім басқармасының тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Аруна Мұратқызы, Қарағанды қаласы жұмыспен қамту орталығының ізденушілерге қолдау көрсету бөлімінің маманы Тоғжан Серікқызы, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау  бөлімінің маманы   Айым Нұрланқызы, Қарағанды облыстық білім басқармасының бөлім басшысының м.а, Мерей Сайлауқызы, «My college» жобасының жетекшісі, Рашид Белгибаев, «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова, қатысып балалардың жазғы демалысы жайында бірқатар мәліметтерді айтып берген еді. Тікелей эфирде айтылған балалардың жазғы демалысы жайлы мәліметтерді оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.

Дулат Жекебаев: 475 МЫҢ БАЛА ЛАГЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ЖОЛДАМА АЛАДЫ

Мінбер.кз: Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру ісіне балалар құқығын қорғау бойынша комитет жауапты, биыл қандай бастамалар қолға алынып жатыр?

Дулат Шайкенұлы: Жазғы демалысты ұйымдастыру толығымен жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде, министрлік алдымен нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету, екінші методикалық құралдармен жабдықтау, үшінші осының бәріне мониторинг жасау, тексеру жұмысын атқарады. Білім және ғылым министрлігі мен ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы бар, сол бұйрықта бірнеше сұрақ бар, соның ішінде балалардың жазғы демалысы туралы жан-жақты тексеріледі. Егер республика бойынша айтар болсақ, балалардың жазғы демалысы бірнеше бағытта жүреді. Бірінші бастауыш сыныптың балаларына арналған мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерлері, екінші орта сыныптың балаларына арналған қала сыртындағы сауықтыру лагерлері бар. Мысалға айтар болсақ, Қарағанды маңында «Салют» атты лагерь, сонымен қатар Қарқаралы, Балқаш жанында сауықтыру лагерлері бар. Жоғары оқу орындарының жанында жоғары сыныптың балаларына арналған бірнеше бағыттағы тақырыптық лагерлер ашылған. Сонымен қатар, жазғы сауықтыру барысында жұмыспен қамту ісі қарастырылған. Жұмыспен қамту бөлімі ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып жаз мезгілінде балаларды қысқа мерзімге, еңбек кодексін сақтай отырып жұмыспен қамтиды. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жоғары сынып және колледж оқушыларын жұмыспен қамтумен айналысады. Сонымен қатар, еліміздегі тарихи-мәдени орындарға қыдырып баратын туристтік бағыттағы жобалар да бар. Тақырыптық лагерлерге, ағылшын тілін үйрететін лагерлер, қалада орысша оқитын оқушыларға қазақ тілін үйрететін «бір апта ауылда» деген жоба арқылы ауылдық жерлерде демалуға мүмкіндік беретін лагерлер жатады. Қарағандыда аула клубтары маңызды ролге ие, ол    балаларды уақытын тиімді пайдалануға үйретеді.

Мінбер.кз: Бұл лагерлер тегін бе әлде ақылы ма?

Дулат Шайкенұлы: Республикада 6 миллионға жуық бала бар, оның 3,5 миллионы лагерге барады, оның ішінде мемлекеттен қолдау алатын бірнеше топ бар. Мысалға, толық емес отбасынан шыққан 475 мың балаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі яғни сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Сонымен қатар, олимпиада жеңімпаздары мен спорт жүлдегерлеріне де мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл туралы Білім туралы заңда арнайы бап бар. №64 Мемлекеттік қаулыға сәйкес 5 категория белгіленген. Қарағанды облысының білім саласына бөлінетін бюджеттің 2%-ы осы 5 категориядағы балаларға арналады. Ол 2%-дың ішіне мектепте тегін тамақ беру, киіммен қамтамасыз ету және жазғы сауықтару да кіреді. Мәселен, республика бойынша биылғы жылы 4 миллиард 535 миллион теңге қарастырылды. Республика бойынша сауықтыру лагерлері бар оның бірі – бәріміз білетін «Балдәурен». Республикада бұл лагердің бірнеше филиалы бар бірі Қапшағай маңында, енді бірі Түркістан қаласының маңында, жақында Қарағанды облысынан жаңа ашылды. Оған балаларын жібергісі келетін ата-аналар мектеп әкімшілігіне кіріп өтініш жазады. Мектеп әкімшілігі жиналған өтініштерді, аудан немесе қаланың білім бөліміне жібереді. Білім бөлімдері тізім дайындап, балаларды әртүрлі лагерлерге жіберіп отырады. Сонымен қатар, көп жерлерде осал топтағы отбасының балаларының жазғы демалысына тек қана бюджет қана емес ірі компаниялар да ақша бөледі. Соның ішінде, Қарағанды қаласын ерекше атап өтсек болады.

Мінбер.кз: Әлеуметтік осал топтағы балалардан бөлек қарапайым отбасынан шыққан балаларға қандай жағдай жасалған?

Дулат Шайкенұлы: Бірінші кезекте бізде осал топтағы балаларға ақша бөлінеді, сонымен қатар кәсіподақтың, ірі компаниялардың, қалталы бизнесмендердің ақшаларын жергілікті атқарушы органдар қаржы шамасына қарай басқа да топтарға ақшаны бөледі. Былтырғы жылы республика бойынша 236 сыртқы лагерлерге инвентаризация жасадық. Қарағанды облысында осындай 11 лагерь бар, оның ішінде 5-еуі жекеменшік, 6-ауы мемлекеттік лагерь. Бұл республика бойынша өте жақсы көрсеткіш.

Мінбер.кз: Дулат мырза, қазіргі таңда балалар арасында әлімжеттікке байланысты проблемалар бар, осы мәселеге қатысты ата-аналар балаларын жазғы лагерге жібергенде қауіпсіздігіне алаңдайды, осы жөнінде айта кетсеңіз.

Дулат Шайкенұлы: Дұрыс айтасыз, сұрағыңыз өте орынды, басында айтып өткендей балалардың жазғы демалысының ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың міндеті болса, біздің орталық органның негізгі құзыреті нормативтік құқықтық актілер мен методикалық құралдармен қамтамасыз ету. Бурабай демалыс үйінде 22-нші сәуір күні республика бойынша барлық сауықтыру лагерь өкілдерін жинап жиын өткіздік. Сол жиында ең бірінші және ең маңызды талап балалардың қауіпсіздігін сақтау екені айтылды. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдарға демалыс парктеріндегі батут, атракциондарды тексеру құзіреті беріледі. Екіншіден, жазғы демалысқа байланысты денсаулық сақтау министрлігі мен төтенше жағдай министрлігі өздерінің құқықтық актілері мен методикаларын түсіндірді. Басқа өңірлерден келген лагерь өкілдеріне құжаттарды таратып берді. Яғни, өрт болмау қауіпсіздігі, тағамның қауіпсіздігі. Лагерь ашпас бұрын ең бірінші денсаулық сақтау министрлігі мен төтенше жағдай министрлігі тексереді. Келесі айта кететін нәрсе ол лагерлерде міндетті түрде дәрігер болуы шарт. Балалар қауіпсіздігі өте маңызды, оған ішкі істер министрлігінің өкілдері жауап береді. Балалардың демалыс орындарына, паркке бару кезінде автобустың қауіпсіздігін қадағалап жол бастау. Үшінші айта кететін жайт лагерлерде міндетті түрде күзеттің болуы, балалардың сыртқа шықпауын қадағалау, сырттағы балалардың ішке кірмеуін қадағалау секілді жұмыстарды атқарады.

Мінбер.кз: Балаларын лагерге жібергісі келетін ата-аналар қайда , кімге хабарласуы керек? Қарағанды облысындағы балаларды лагерге жіберу қалай жүзеге асады?

Аруна Мұратқызы: Қарағанды облысы бойынша бірінші маусымнан бастап 389 мектеп жанынан тамақтандыру лагерлері ашылса, 319 тамақтандырмайтын алаңдар ашылады. Мектеп әкімшілігі ата-аналармен жұмыс жасап, барлық құжаттарды жинап, лагерлерге жібереді. Ал егер бала сыртқы сауықтыру лагерлеріне барғысы келсе мектеп әкімшілігі тиісінше құжаттарды білім бөліміне жолдап отырады.

Мінбер.кз: Созылмалы ауруы бар оқушыларды сауықтыру орталықтарына жіберу қалай жүзеге асады?

Аруна Мұратқызы: Екі апта бұрын мемлекеттік органдармен жиналыс өткіздік, сол жиында облыс бойынша саноторийлар саны айтылды. Барлық ата-аналарға бұл ақпарат жолданған болатын. Баласын жібергісі келетін ата-аналар тиісті құжаттарды жинап, мектепке тапсырады, мектеп өз кезегінде тиіс орындарға сол құжаттарды жолдайды.

Мінбер.кз: Қарағанды облысында лагерлерге барғысы келетін балалар көп пе әлде орын толмай қалатын жағдайлар кездесе ме?

Аруна Мұратқызы: Алдын ала жиналған мәліметтер бойынша мектеп жанындағы немесе қала сыртындағы лагерге қығызушылық көп. Өткен 2 жылда коронавируске байланысты шектеулер болғандықтан жазғы демалыс тиісті деңгейде болған жоқ. Қазір шектеулер алынып тасталғандықтан қызығушылық өте жоғары.

Мінбер.кз: Әлеуметтік осал топқа жатпайтын, көп балалы отбасы емес, қарапайым отбасынан шыққан балалардың ата-аналары құжаттарды қайда өткізу керек?

Аруна Мұратқызы: Атап өту керек 21 мамыр күні форум өткізілді. Сол форумның пленарлық отырысында ірі кәсіпкер челлендж бастап кетті. Ол челлендж «Балаға жолдама сыйла» деп аталады. Сол форум аясында 10 жолдама берілді, әлеуметтік осал топқа жатпайтын, көп балалы отбасынан емес, жалғыз басты ана немесе жалғыз басты әке асырап отырған ата-аналарды қолдау ретінде осындай челлендж ұйымдастырылды. Қазір  бұл челлендж Теміртау қаласында жалғасын тапты, тағы да 10 жолдама, Қаражал қаласынан 123 баланы, Абай ауданынан 7 баланы лагерлерге жіберу көзделіп отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Балаларды Щучинск қаласында орналасқан «Эдельвейс» лагеріне жіберу көзделіп отыр. Сонымен қатар ақылы түр де де бара алады. Қарағанды облысындағы «Салют» лагерінің 10 күндік демалыс бағасы 35 мың теңге көлемінде болады.

Бұл жоба –  АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Эфирді жүргізген Риза Исаева, 

Мәтінін дайындаған Назым Дүтбаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар