//

Әсел Жақыпбекова:  Екі баламның өскенін көргім келеді… 

1531 рет қаралды
1

Әріптеске араша. Әсел Жақыпбекова екі баланың анасы. 2020 жылдан бері  қос бүйрегі ауруға шалдықты.  Содан бері аптасына үш рет гемодиализге барып, қанын токсиндерден тазалап өмір үшін күресіп жүр. Ағзасын ауыстыру керек. Ал, ота арзан тұрмайды. Өз жиған-тергені жетпеген соң, қайырымды жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр. Қажетті  қаражат баяу жиналуда.

Әсел Жақыпбекова екі бірдей бүйректен айырылса да, отбасына тіреу. Күн-түн демейді қос құлыны мен еріне мейірімін төгіп, қамқор болып жүр. Ұлы жақында алтыға, қызы үш жарым жасқа толды. Қос бүйректен қор болғанша ол қоғамдық журналистикада, әйгілі “Айтуға оңай” телебағдарламасында жұмыс істеген. Өзі сияқты талай жанның тағдырына бей-жай қарамады. Үшінші жүктілік кезінде дәрігерлер Әселде бүйрек жетіспеушілі бар екенін анықтаған. Бірақ, құрсақтағы нәрестеге 3 ай болып қалғандықтан түсік тастатуға қимайды. 5 айға дейін шыдағанымен қан қысымының тұрақсыздығы бүйрегін бүлдіріпті.

transplant.kz сайтының 2022 жылдың мамыр айындағы мәліметінше, бүйрек ауруымен 3213 адам кезекте тұр. Бұл былтырғы жылмен салыстырған 40-50 адамға көп. Оның ішінде Әсел де бар. Кезектің көптігі  Әселге тұсау болып тұр. Сондықтан шетелден донор табудан басқа амалы қалмаған.

  «Мен А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургрия орталығына донор бойынша кезекте тұрмын. Бірақ Сызғановтың өзі маған, кезекті күтпеңіз деп ескертті.   Мұндай жағдайда тек туған туыстары ғана донор бола алады. Менің жақындарымнан донор табылмады. Ал, жалпы кезек арқылы  ота жасатсам ,  жылдап күтуім керек. Себебі, бүйрекке зәру жұрт көп.  Оны күтетін менде уақытым жоқ. Күнім өтіп барады. Жақында Беларусь елінінен донор табылды. Өз күшімізбен 20 млнға жуық ақша жинадық. Енді 10 млн 500 мың теңге керек. Мен үшін өмірімнің әр секундты қымбат. Балаларым үшін өмір сүргім келеді. Солардың өскенін көргім келеді»-дейді Әсел Жақыпбекова.

Сауле  Бодесова Нефролог дәрігер,гемодиализ орталығының бөлім басшысы: 

– Әсел бүйрек жетіспеушілігінің ең соңғы сатында жүр. Қазіргі таңда 1.5 жыл болды гемодиализ процедурасын қабылдайды. Егер бүйрек ауыстыруына барса өте жақсы болар еді. Өкінішке қарай Әселдің туыстары өте аз. Бар туыстарының қан тобы сәйкес келмеді. Сондықтан Әсел Белорусияға барып, ота  жасатуға мәжбүр. Ол  үшін 30 млн теңге қажет»

Алматы қаласы “Фрезениус” ЖШС  диализ орталығының бас дәрігері Мұратбек Бамыштың айтуынша, жылына мыңнан аса адамнан созылмалы бүйрек ауруының 5 сатысы анықталуда. Қазіргі таңда еліміз бойынша 8 мыңдай адам диализ алып жатыр. «Созылмалы бүйрек ауруы немесе созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамыды деген сөз, екі бүйрек қызметінің нашарлауын немесе істен шығуын дегенді білдіреді. Ал 1 бүйрекпен сау адамдай өмір сүре алады. Бүйрек жетіспеушілігі дамыса адамның өміріне өте қауіпті. Бүйрек адам ағзасы үшін көптеген қызмет атқарады, мысалы, ішкен суды шығару, ағзаға сіңген заттардың қалдық өнімін шығару (шлактарды шығару), қан қысымын реттеу, қандағы қызыл қан түйіршіктерінің өндірілуін реттеу, кальций фосфор алмасуын реттеу. Егер бүйрек қызметін атқара алмаса адам ағзасы зәрмен уланады. Созылмалы бүйрек ауруы дамып, оның 5 сатысы анықталса, яғни бүйрек қызметін атқара алмаса ол адамға диализ емін алу (гемодиализ немесе перитонеальді диализ) немесе бүйрек трансплантациясын жасату ұсынылады. Өкінішке қарай жыл сайын елімізде бүйрек жетіспеушілігі дамып жатқан адамдардың саны артып келеді. Жылына 1 мыңнан аса адамда созылмалы бүйрек ауруының 5 сатысы анықталып жатыр».

Отыз бір жасқа енді ғана  толған Әсел өмірге інкәр. Ұзақ жыл жұбайы мен балаларының қасында жүргісі келеді. Алға қойған мақсаты да зор. Оған қол жеткізуде өмір үшін күресті бастады. Қажет қаражат қомақты. Оны жинау үшін ол әлеуметтік желілерде жеке парақша ашқан. Қол ұшын созғандар, мейірімді жандар көп. Десе де жиналған тиын тебендей – ақ. Толтыру керек. Ал Әселге жарық дүниенің әр сәті қымбат.

Теңіз тамшыдан құралады. Қанымызда бар қайырымды қасиет осындайда қажет. Екі баланың ертеңі, әріптестің өмірі үшін қолдан келген көмекті аямайық ағайын. Әселдің отасына қажетті қаражатты мына реквизиттер бойынша жіберуге болады.

ГРАФИКА: Кaspi Gold нөмірі: 4400430198986017, Ұялы телефоны: 87075976227

Сіздердің ниетпен берген әр тиыныңыз Әселдің үміт оты.

Гүлжан Қызайбай, Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Давайте поможем, если каждый скинется по 1-2 тыс, думаю соберётся ей на пересадку. Конечно же детям нужна мама.

Сара жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері