///

Бір баланы мектепке дайындау қанша қаражатты талап етеді?

1347 рет қаралды
okg.kz
okg.kz

Тамыз айы келісімен ата-аналар әбігерге түсе бастайды. Себебі әне-міне дегенше жаңа оқу жылы басталады. Оқу жылына сақадай сай тұру-ол міндет. Десек те осы міндетті орындау қалтаға салмақ салатыны өтірік емес. Мектеп формасы мен арнайы құрал-жабдықтардың бағасына шолу жасау мақсатында Мінбер сайтының тілшісі Жетісу облысындағы “ең арзан” деген дүкендерді аралап қайтты.

Мектепке арналған аяқ-киім-4000 теңгеден, сөмкелер 5300 теңгеден, ұл балаларға арналған ақ жейделер 2900 теңгеден, ал қыз балаларға арналғаны 6000 теңгеден бастау алады екен. Мектеп формасы тіпті 18000 теңгені құрап тұр. Сапасы жайлы пікірлер сөйлесін. Дүкен аралап жүрген тұтынушыларды да сөзге тартып көрдік.

“4000- теңгеге аяқ-киім алғанша, алмаған артық. Алғашқы жаңбырда-ақ ашылып кетеді. Алған соң қымбатын, бірақ сапалысын алған жөн”-дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Аяулым Қанатқызы.

“18000 теңгелік форманы көріп таң қалдым. Қайта арзан екен. Форманың бағасы қазір 30-40 мың теңгені көрсетіп тұр,”-дейді зейнеткер тұрғын.

“5300 теңгеден сатылып жатқан сөмкелердің сапасы нашар. Ертең жыртылады немесе қалтасы тесіліп қалам, қарандаш түсіп қалады. Басымыздан өткен. Амалсыздан 8-10 мың теңгеге сөмке алмақпыз”-дейді Бейбіткүл Төлегенқызы.

Мектепке керек құрал-жабдықтардың бағасына  төменгі видеода толықтай тоқталып кеттік.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі