///

Жазылған жайдың жаңғырығы: Көктал ауылының инфрақұрылымы жақсарады

1355 рет қаралды

Алматы қаласынан 9-ақ шақырымда орналасса да өркениеттен қалған Көктал ауылы проблемаларын «Minber» ақпараттық сайтында бірнеше рет көтерген едік. 

Мәселен, “Алматы облысы Талғар ауданы Көктал ауылында өрт шыққан тұрғын үйге өрт сөндіру машинасы көшенің батпағына батып, зорға жетті”; “Көктал ауылында тұрғындар өздері тұрғызған көпір опырылып түсті, ал 121 бала басқа ауылға барып білім алуға мәжбүр”; “Алматының іргесінде тағы бір ауылдың инфрақұрылымы сын көтермейді. Ауыл әкімдері “қарастырып жатырмыз” дегеннен аса алмай отыр” секілді мақалаларда аталған ауылдың проблемалары сөз болған еді.

Алматы облысы, Талғар ауданы Көктал ауылы тұрғындары бірнеше жылға созылып қордаланған мәселелердің шешімін таба бастағанын айтып қуануда.

Ауыл ақсақалы Айнақұлов Серік «Тұрғындардың мұңына бей жай қарамай, көтеріп келген мәселе шешімін табуда. Облыс, ауданға жеткен ауыл проблемасын,жаңа сайланған аудан әкімі көріп қайтқан. Көктал ауылы проблемаларына көңіл бөлініп, ауыл әкімшілігінің ұйтқы болуымен біраз шаруа атқарылды. Үш көшеге тас құм төселіп, орталық көшеге жарық орнатылды.

 

Электр жарығы жекеден үкімет қолына өтті. Ауылға газ жүргізіліп жатыр, балалар алаңы салына бастады. Ең бастысы апатты көпір толық жөнделді. Әрине әлі атқарылар жұмыстар көп, мұның өзі тұрғындар үшін зор қуаныш. Енді ауылға 3 шақырым жаяу қатынайтын тұрғындар үшін автобус кіргізсе, деген өтінішіміз бар. Ұмыт қалған ауылдың мәселелері түбегейлі шешімін табады деген Көкталдықтардың үміті зор» деп қуанышымен бөлісті.

Әлия Әбілсейітқызы, Алматы облысы,

Талғар ауданы, Көктал ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар