//

Көктал ауылында тұрғындар өздері тұрғызған көпір опырылып түсті, ал 121 бала басқа ауылға барып білім алуға мәжбүр

2316 рет қаралды

Алматы облысы, Талғар ауданы Көктал ауылының жолы мен автобус кіргізу мәселелері туралы сайтымызда көтерген едік.

1500 ге жуық тұрғыны бар ауылда, тұрғындардың басым көпшілігі қалаға қатынап жұмыс істейді. Сағаттап қаланың кептелісінде уақыт жоғалтатыны аздай, тұрғындар ауылға жету үшін 1 сағаттай жаяу жүруге мәжбүр.

Сапасы сын көтермейтін жол мен апатты көпір үшін, ауылға автобус кіргізу мүмкіндігі жоқ екен. Бүгінгі күні тұрғындар осы апатты көпірге алаңдаулы. Осыдан екі-үш жыл бұрын, тұрғындар өз қаражаттарына жөндеген көпір, бүгін тағы опырылып тұр.

121 ауыл баласы Еркін ауылындағы №26 мектепке тасымалданып білім алады. Оқушылар автобусы да осы сынған көпірден өтеді. Бала қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар, көпірді жөндеп беруді сұрап отыр. Ал аудан әкімі Қайдар Әбдіханов, бұл аудан бойынша апатты жалғыз көпір емес екенін, жөндеу жұмыстары сол баяғы қаржы жоқтығына келіп тіреліп тұрғанын, алайда бір шешімі табылатынын, бұл көпірді бақылауда ұстап отырғанын айтты. Ал 300 ден аса оқушы бар ауылда мектеп салу қазір жоспарда жоқ сияқты.

Әлия Әбілсейітқызы, 

Талғар ауданы,

Көктал аулы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар