///

Алматының іргесінде тағы бір ауылдың инфрақұрылымы сын көтермейді. Ауыл әкімдері “қарастырып жатырмыз” дегеннен аса алмай отыр

1831 рет қаралды
3

Алматы қаласынан 9 шақырым жерде орналасқан, өркениеттен ада қалған шағын ауыл тұрғындарының мұңына құлақ асар кім бар? Талғар ауданы Көктал ауылы тұрғындары тыңдайтын үкіметтен үміт күтіп отыр.

Көктал ауыл тұрғындарының басты мәселесі жол мен автобус. Таң қараңғысы мен кеш батқанда 3 шакырым иен далада жаяу жүрудің азабын осы ауыл тұрғындары жақсы түсінеді. Иен далада иесіз иттерді былай қойғанда қыста қалың тұман кезінде қамыс пен қурай арасында қарсақтар да жүретін көрінеді. Автобус пен жол мәселесін көтеріп, шаршаған тұрғындардың мәселесі тек мұнымен бітпейді. 1600-1700-дей тұрғыны бар ауылда мектеп те жоқ.

Ауыл тұрғыны көп балалы ана Салтанат былай деп мұңын шағады:
-Балаларымды түрлі спорттық курстарға қатыстырғым келеді, оған еш мүмкіндік жоқ. Ауылда мектеп болса, өздері-ақ сол жерден ашылған түрлі курсқа барып келер еді ғой. Бір баламның мүмкіндігі шектеулі. Ауылда не медициналық амбулатория жоқ. Дәрігер көмегіне үнемі жүгінетін бізге ол жағы да қиындық туғызады.
Ал тағы бір тұрғын Алмагүлдің де айтары бар екен:
– Көктем мен күзде көшеміз батпаққа батып қалады. Тым болмаса тас төсете алмай отырмыз. Көрші ауылдың бәріне газ жүргізілген, ортада біз қалып кеткенбіз. Жарық та жекенің қолында, ай сайынғы тарифі қымбатқа түседі.
Осы мәселелер бойынша Талғар аудан Көктал ауылының әкімшілігіне хабарласқан едік, төмендегідей жауап алдық.

– Қоғамдық көлік мәселесі. «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2) тармағына сәйкес тұрақты қала маңындағы маршруттарды ұйымдастыру, ол бойынша қызмет көрсету құқығына конкурстарды өткізу, қозғалыс кестелерін бекіту мәселелері республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіреді. Сол себепті, Көктал ауылын Алматы қаласымен байланыстыратын қала маңындағы автобус қатынасын ұйымдастыру жөнінде Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасына құзыреттілігіне қарай хат жолданды. Жарықтандыру мәселесі. Көктал ауылына қызмет көрсететін № 696 трансформаторлық қосалқы станция «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің теңгерімінде орналасқан. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау желілерін «Алатаужарықкомпаниясы» АҚ энергия беруші ұйымына сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ № 696 трансформаторлық қосалқы станциясына қосылған абоненттерге жеке дербес шоттарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, Талғар ауданы әкімдігінің тарапынан газдандыру, жол және мектеп мәселелері қарастырылуда, – дейді ауыл әкімінің орынбасары Бегәли Түңлікбаев.

Ал мынадай көше кезген иттер мәселесі бойынша жергілікті полиция ауыл тұрғындарына шұғыл ескерту жұмыстарын жүргізіп,бос жүрген иттердің иесіне айыппұл төленетінін түсіндіріп шықты.

Әлия Әбілсейітқызы

3 Comments

  1. Сәлеметсіздер! Свет газ автобус жол айта берсе бұл көктал ауылының мәселесі жетерлік. Әкімдікке айта айта еш өзгеріс те болып жатқан жоқ. Свет бар деген болмаса үп еткен дел соқса, жаңбыр жауса свет қашан өшіп қалады электр техникамыз күйіп қалмаса екен деп шошып отырамыз. Бірақ соған қарамастан светтің ақшасын елден ерекше қымбат тарифпен төлейміз. Бір ауыл екі түрлі тариф. Көкталдың байырғы тұрғындары 13 тг мен төлесе жаңа тұрғындары 28 тг төлеймыз.
    Ауылда иесі бар итте иесі жоқ қаңғыған итте көп. Жалғыз жаяу жүргеннен қорғамыз, балаларды қауып алмаса екен деп отырамыз. Газды айтсақ жан жағымыздағы ауылдарда газ келіп іргемізге тиіп тұрсада екі ортада көктал газсыз қалып қойған.Алматының іргесінде тұрып ауылға автобус кірмеген. Саяхатқа жетудің өзі мүң.

  2. Сәлеметсіздер ме ? Ауылдағы қарапайым халықтың жан айқайын еститін жан болса жақсы болар еді ! Өкінішке орай дәл қазір осы ауылдың тұрғындары 21 ғасырда ,қай ғасырға лайық тұрып жатқандарын жеткізу мүмкін емес ! Себебі, өз көздерімен көретін бір адам яғни осы ауылдың әкімін 4жылдан астам тұрсамда ,ауылдың маңайынан бір өткенін байқамадық. Бұл ауылдың80 пайызы көп балалы ата аналар тұрады. Ең басты мәселе сол бүлдіршіндерге білім беретін орын жоқ ! Яғни ауылымызда мектеп жоқ болғандықтан ,балаларымызды 7-10 км қашықтықта орналасқан көрші ауылдағы мектептерге тасуға міндеттіміз. Ал екінші басты тақырып қаладан10-20км жерде орналасқан Талғар ауданы ,Көктал ауылына қоғамдық бірде бір көлік қатынамайды . Үшінші басты мәселе газ әлі ауылымызға мүлдем кірмеген . 21 ҒАСЫРДА осы3 масқара мәселені қалай шешуге болады ?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар