Барлығы бізге дейін кітапқа еніп қойған,тек оны оқу,түсіну,саралау қалды дейді даналар. Кез келген мемлекет,қоғам түрлі даму сатысынан өтеді. Біздің қоғам дәл қазір білімді қажет етіп тұр. Кітаптың пайдасын жақсы білеміз. Даналардың айтқанын ұрпаққа жеткіземіз. Бірақ нақты қадамдар мен бағдарламалар жасалса ол негізгі мақсатты жүйелейді.
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселені шешуге бағытталған дер кезіндегі қадам болды. Осы тарихи құжатқа сай, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру және «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заң жобасын әзірлеу тапсырылды.
Заң жобасы кітап индустриясы,баспа,полиграфия авторлық құқық,құжаттың электронды және өзге де нұсқасын шығару,аударма,шетел кітаптарын аудару,кітаптың мазмұны сынды өзекті дүниелерді реттейді. Кітапхана саласында да бірқатар шешілетін мәселелер бар. Ол кітапханашының,кітапхананың статусы,қор сақтау,оқырман,баспасөзді жинау,стандарттар,библиографиялық сипаттама т.б.дүниелер.
Ұлттық марапат дайындау,шетелде төл әдебиетті насихаттау,оқырманды марапаттау сынды келелі дүниелер де іске аспақ.
Бірыңғай цифрлы платформа жасау күн тәртібіндегі мәселе еді. Оны да жарлық аясында іске асырамыз деп отырмыз.
Мемлекет басшысының бұл стратегиялық бастамасы – мемлекеттік деңгейдегі маңызды бетбұрыс. Алайда, бұл ұсыныстардың нәтижелі болып, жүзеге асуы үшін баршамыз жұмыла үлес қосып, зерделі ұлт қалыптастыру жолында бірге әрекет етуіміз қажет.
Ұрпақ өсіріп отырған ана, оқырман, кітапханашы ретінде мен бұл тұжырымдаманың іске асуына мүдделімін. Қоғамның әр мүшесі мүдделі болса саналы қоғамнан ешкім зиян шекпейді.
Цифрландыру қордың сақталуын қамтамасыз етсе, жасанды интеллект қай салаға болмасын автоматтандыруға қажет. Технологияның озық үлгілерін де оқыған, сауатты маман жасайды. Ғаламтордағы дерек көздерде сол кітаптан алынған. Бір-бірімен байланысты. Салыстыруға келмейді.
Сосын соңғы кезде айналаға көз тіксеңіздер оптика көбейді. Тілі кеш шығатын балалар саны да қынжылтады, цифрлы аутизмда бар. Осы орайда да бұл жарлық тек рухани сананы жаңғыртуға емес ұлт денсаулығына берері мол.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы
Парақшамызға жазылыңыз
