///

Алматы облысы Талғар ауданы Көктал ауылында өрт шыққан тұрғын үйге өрт сөндіру машинасы көшенің батпағына батып, зорға жетті

5649 рет қаралды
1

Алматы облысы Талғар ауданы Көктал ауылы Өтеген батыр кентінің маңында орналасқанымен Талғар ауданына қарайды. Ал, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі Көктал ауылы үшін жедел көмек көрсете алмайды.

Өйткені өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, Көктал ауылына көмек 1 сағаттың ішінде келіп жетеді. 4 желтоқсанда кешкі сағат жетілерде тұрғын үйден өрт шықты. Талғар ауданы өрт сөндіру қызметі уақытында жете алмағандықтан, Өтеген батыр кентінің өрт сөндіру қызметін көмекке шақырды. Тағы бір айта кететін жайт, батпаққа шыланған ауыл көшесінде өрт сөндіру көлігі жүре алмай біраз уақыт, батпаққа батып тұрды.

Көктал ауылы тұрғындарының жол мәселелер туралы арызына 2021ж 24 ақпанда Алматы облысы әкімдігінің ” Онлайн қабылдау” сұрақ қою бөлімінен келген жауапта
” Бүгінгі күні Қайнар ауылдық округі әкімдігінің өкілдерімен Көктал ауылының жалпы ұзындығы 400 шақырым кіре беріс айналма жолына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін, ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2021 жылдың нақтыланған бюджетіне Алматы облысының жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілетін болады” делінген. Дегенмен жергілікті әкімшілік биылғы қаражаттың бұл көшелерді жөндеуге жетпегенін айтуда.

Әлия Әбілсейітқызы,

Талғар ауданы

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері