///

Алматы облысында «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасы ашылды

3796 рет қаралды
фото: Depositphotos

Алматы облысының әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Өтінімдер 1 қарашадан бастап қабылданады.

Жоба 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына жеке тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.
Алматы облысы әкімдігі ақпаратына сәйкес, «Алатау жастары» бағдарламасына қатысушы Алматы облысында кемі бір жыл ресми еңбек өтілі болуы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарымен растауы қажет.
Сондай-ақ, үміткердің Алматы облысында кемінде бір жыл тұрақты тіркеуі болуы тиіс. Тағы бір шарт – бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің басында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев: «биыл жоба үшін 600 миллион теңге бөлдік. Бірақ, келесі жылы соманы ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деді.
Банк өкілдері бағдарламаға қатысушылары биыл тұрғын үй ала алады деп сендіруде.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қарашада басталады және тура бір айға созылады. Үміткерлерге облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасына өтініш беру қажет.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы комиссия жиналған балдарға сәйкес бағдарламаға қатысушыларды іріктейді. Балдық көрсеткішке ерлі-зайыптының некедегі уақыты, балаларының болуы, жұмыс өтілі, кәсібі және қызмет саласы әсер етеді.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, «Отбасы Банкіне» жіберіледі.

Банкте төлем қабілетті бағаланған соң, үміткер өз бетінше баспана табуы қажет. Оны сатып алу үшін «Отбасы банкі» 10 млн теңге мөлшерінде қарыздың ең жоғары сомасын бере алады. Егер жылжымайтын мүліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, үміткер айырманы өз қаражатынан төлеуіне болады.
Егер бағдарламаға қатысушы жаңа салынған тұрғын үйді сатып алса , онда ол үшін бастапқы жарна 0% құрайды. Нарықтағы екінші деңгейдегі пәтер немесе жеке үй сатып алынса, онда бастапқы жарна 10% құрайды.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 5% – ға тең. Қарыздың ең ұзақ мерзімі-19 жыл.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі