//

Орал қалалық мәслихатының депутаты Светлана Бахишева: Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдадым

2341 рет қаралды

Қарашаның 21-інде ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың белсенділігі және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындыларына жариялады. Сонымен қатар, Орталық сайдау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының электрондық көшірмелері негізінде дауыс беруге 8 300 046 адам қатысқанын, ал сайлаушылардың келуі – 69,44% болғанын хабарлады. 

Еліміздегі кезектен тыс сайлау науқанының өту барысы және оның қорытындылары туралы пікірін білгіміз келіп педагогика ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің профессоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Светлана Бахишевамен сұхбаттастық.

– Сайлау да өтті. Біле білгенге, бұл саяси оқиға – барлық қазақстандықтардың тағдыры мен болашағы сынға түскен күн. Өйткені, осынау аумалы-төкпелі заманда алдағы жеті жылға ел тағдырын, жер тағдырын, бейбіт өмір мен тыныштықты, әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан өркендеп өсуімізді аманаттайтын ел басшысын сайлаудың маңызы зор.

Мен әрине, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдадым, оның Орал қалалық штабында қызмет еттім. Ол менің депутаттық міндетім емес, өзімнің азаматтық ұстанымым екенін айтқым келеді. Альтернатива ретінде  партиялар мен қоғамдық ұйымдар әбден лайықты деген өз кандидатураларын ұсынды, олардың кәсібилігіне күмәнім жоқ, бірақ Президенттік додаға түсу үшін мықты бэкграунд болғаны жөн деп есептеймін. Соған байланысты Exit Poll алдын ала шығарған сайлау нәтижесі де қалыптасқанын көріп отырмыз.

Қалай дегенмен де, халықтың басым көпшілігі өз таңдауын жасады. Меніңше, дұрыс таңдау. Әрбір көзі қарақты адам, белсенді азамат  бүгінгі әлемдегі саяси – экономикалық  турбулентті жағдайды, еліміздің  сыртындағы алпауыттармен өзара ынтымақтастықты дамытудың маңызын, ел ішіндегі  қоғамдық белсенділік пен азаматтық қоғамның даму бағыттарын бағамдай отырып, өз қалауын білдірді. Әрине, қоғамда қашан да плюралистік пікірлер болған, болып та жатыр. Біз үгіт -насихат жұмыстарын жүргізу барысында біраз адамдардың ойларын тыңдадық, өз пікірімізді айттық. Мысалы, «сайлауға бармаймын», немесе, «бәріне қарсымын» деген азаматтармен әңгімелесу кезінде кейбір адамдардың өзіндік пікірі қалыптаспағаны, біреулердің айтқанына ере кетушілік те анық байқалды. Олардың кейбірі Қ.К.Тоқаевтың нақты Сайлауалды бағдарламаларымен таныстыру арқылы, немесе оның сайлауалды сайтындағы байланыс тетіктері арқылы өз сұрағын, ұсынысын тікелей білдіре алатынын  нақты көрсету барысында түсініп жатты.

Расында, Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика», «Әділетті қоғам»  үш тұғырдан тұратын Концепциясының негізі Әділетті Қазақстан құру деген идеясына негізделген. Халықтың көксегені де осы. Біздің халық өз тарихында талай қиындықты бастан кешті. Әлі күнге мықтылығы мен  мейірімділігі,  сабырлылығы мен шүкіршілігі сияқты ұлы қасиеттер ұлтымызды сақтап келеді. Бірақ төзе алмайтын нәрсе, ол –  әділетсіздік! Оған төзбейді. Оның ұшқындарын осынау бергі тарихымыздағы халықты шытынатқан фактілерден көріп келеміз… Мен өзімді және жалпы бүгінгі қазақстандықтарды мазалап келе жатқан әділеттілік орнату туралы көптеген мәселелердің жауабын Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасынан таптым. Ендігі тілегіміз – осы жоспарлардың толық жүзеге асырылуы. Бұл тек Президенттің ғана емес, барша билік өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың бірлесіп, жұмыла жұмыс жасауын қажет етеді.

Қорыта айтқанда, кешегі саяси оқиға барлық тілеулестерді біріктірді. Мақсат-міндет айқын. Ендігі меже — жетістіктерімізді сақтап, одан әрі өркендеу жолында Президентті қолдай отырып, Жаңа Қазақстанға  батыл қадам басу. Бәрімізге сәттілік тілеймін!, – деп болашаққа зор сеніммен қарайтынын баяндады Светлана Меңдіғалиқызы.

Орталықтың мәліметтеріне сәйкес дауыс беру күні сайлау рәсімдерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірген адамы, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардан 15,5 мың байқаушы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам байқаушы байқаған екен.

Сайлау бюллетеніне Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидат және «Барлығына қарсы» деген баған енгізілген еді. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар және «Барлығына қарсы» бағаны мынадай дауыс санын жинаған:

Айта кету керек, сайлау учаскелеріне қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының 1225 өкілдері, 23 елден 41 шетелдік БАҚ өкілдерін ұсынатын 106 аккредиттелген журналистер қатысып, сайлау барысы туралы ақпарат жариялаған.

Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық сайлау комиссияларының атына ресми түрде келіп түскен және келіп түсудегі барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралып, олардағы мәліметтер расталған жағдайда олар бойынша заңнамада көзделген шаралар қабылданатыны туралы атап өтті.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі