////

Еңбек жасындағы әйелдердің 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады

655 рет қаралды
фото. Алашайнасы

2023 жылғы 1 ақпандағы соңғы мәліметтер бойынша елімізде 10 118 282 әйел тұрады, оның 6,3 млн-ы қалалық жерде, 3,7 млн-ы ауылды жерлерде өмір сүреді.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1 157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облыстары (753 562) көш бастап тұр.

Қазақстандағы қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7. Айта кетейік, көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға ұлғайды. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсе бастап, 78,3 жасқа жетті.

Еңбек нарығындағы 4 302,6 мың әйелдің басым көпшілігі білім беру саласында еңбектенеді – 851 мың, тағы 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады, 451 мыңы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. 401 мың әйел денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. Тек 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 849 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшысы болып келеді, бұл тіркелген ЖК-нің жалпы санының 53,5%.
 
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар