///

Алматыда «Jas Skills 2023» қалалық чемпионаты өтті

910 рет қаралды

«Jas Skills» – 15-18 жас аралығындағы жастардың жұмысшы мамандықтары бойынша өз дағдылары мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін беделді шара. Бұл чемпионат Алматы қаласындағы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және ерте кәсіптік бағдар беруге серпін болмақ.

29 наурыз күні  «Jas Skills 2023» қалалық чемпионаты «Арнайы тігінші» құзіреттілігі бойынша  Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжінің базасында өткізілді. «Jas Skills 2023» чемпионатының ашылуында колледж директоры Нұрымбетов Анарбек Қалдарұлы келген қатысушыларға сәттілік тілеп, эксперттермен таныстырды.

Ашылу салтанатынан кейін қатысушылар   чемпионат барысы   және қауіпсіздік ережесімен  таныстырылды.

Чемпионатқа Алматы технология және флористика колледжі,  №3  облыстық арнайы мектеп интернаты, №7 арнайы мектеп-интернаты және №5 “Есту  қабілеті төмен  балаларға арналған   арнайы  (түзету) мектеп-интернаты” қатысып өз бақтарын сынады.

Сонымен     қатар          есту қабілеті  бұзылған балалардың  кәсіби шеберлігі бойынша «DefSkills» чемпионаты өтті.

Есту қабілеті бұзылған жастарға арналған кәсіби шеберлік чемпионаттарын жүйелі түрде өткізу саңырау және нашар еститін адамдарды елдің экономикалық өміріне тартуға, тәуелді өмір салтына бейімділіктен кезең-кезеңмен арылуға және адамдар үшін еңбек нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«JasSkills 2023» чемпионаты бойынша мектептер арасында

 I   орын иегері: Термекбаева Азиза,

II орын иегері: Нұрбек Зиза,

 II- орын иегерлері: Октябрьева Шахзода, Бекбауова Айсұлу

болса колледждер арасында

I орын – Сидорова Галина,

II орын иегері –Жұмамұрат Толғанай болды.

«DefSkills» чемпионаты мектептер арасында

I орын иегері-Смагло Наталья,

II орын иегері- Желеу Акниет,

III орын иегері –Куанышбекова Томирис, Зинел Аружан болды.

«DefSkills» чемпионаты колледждер арасында

I орын – Шарипова Асия,

II орын иегері – Серікбаева Акбота иеленді.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

Ерзат Мусират,

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі