////

Бізге қашан пандус жасап бересіз? Alma city тұрғыны Алматы қалалық Мәслихатының депутатына Үндеу жолдады

1527 рет қаралды
1

Alma city тұрғыны Qazaq Stroy компаниясының атқарушы директоры, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлының атына Үндеу жариялады. Айтуынша, компания бұл үйлерді тұрғызғанда, мүгедектігі бар жандардың құқы туралы мүлдем ұмытып кеткен.

Көп қабатты тұрғын үйдің ешқандай бөлігінде арбадағы жандарға арналған арнайы жол салынбаған.  Осы үйдің тұрғыны Гүлжан Қажынова бұл үйден үлескер ретінде пәтер алғандығын айтады. Көп қабатты пәтерді салушы компания арбада отырған адамдар үшін барлық жағдай жасалған деп уәде берген. Алайда, өкінішке қарай, үйде ешқандай пандустар салынбаған. 

Qazaq Stroy компаниясының басшылығы тұрғындардың наразылығынан кейін, Alma city 6/7 мекенжайындағы үйлерге пандус салған екен. Алайда, бұл пандустар мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігін ескермеген. Салынған пандустарды түсіру үшін, арнайы қол күші керек. Үш жерден ілгектен бекітілген пандусты түсіру үшін кемінде, дені сау екі адамның көмегі қажет. Бұл пандустар кіріп-шығуға ыңғайсыз ғана емес, сонымен бірге қауіпті.  

Айдана Маман

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Ужас қой мынау деген, инввлидтерге неге мүмкіндік жасалмаған?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері