////

Педагог жетіспеушілігі. Мәселе кадрда ма, әлде жалақыда ма?

2674 рет қаралды
фото: Turkystan.kz

Қазақта бұрындары балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді үлгі санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Уақыт өте үлгі тұтар тұлғаларымыз өзгеріп телевидениядағы шоу жұлдыздар арманымыз болса, қазіргі таңда интернет жұлдыздары жастардың пір тұтар үлгісіне айналды.

Зиялы қауым санайтын мұғалімдердің қадырын қашырып жібермедікпе?! Арзан сөз бен бос әңгімеге үйір «жұлдыздарға» төлеріміз көп, ал болашағымызды бағыттап отырған мұғалімдерге ше? Электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) мәліметтерге (Алматы қаласы бойынша) назар аударып көрсек. Ең алдымен балабақша тәрбиешілерінен бастасақ, алатын айлық жалақысы 120 000 теңгеден ғана басталады екен:

Балабақшадан өрлеп мектепке келсек, ол да тәрбиешіден асып тұрғаны шамалы 150 000 теңгеден бастап ғана айлық жалақы алады екен.

Ал енді елімізге жұмысшы мамандар даярлап отырған колледж оқытушыларының айлық жалақысына көз жүгіртсек, студентті өз ісінің шеберіне дайындайтын өндірістік оқыту шебері 150 000 теңгеден басталған, ал студенттіне кәсіби білім беретін арнайы пән оқытушысы 200 000 теңгеден басталатын айлық жалақысын алады екен.

  Жарайды бұл жұмыссыздарға қарағанда жақсы табыс көзі шығар?! Бірақ орташа жалақымен салыстырғанда әлде қайда төмен.

 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы дайындаған жалақы бойынша дашбордқа назар   аударатын болсақ, Алматы қаласы бойынша 2021 жылғы орташа жалақы 235 – 240 000 теңгені құрайды. Ал 2022 жылдың тоқсанындағы орташа жалақы 395 000 теңге мөлшерінде болған, бұл біз қарап отырған электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) бос жұмыс орындарының қойған айлық жалақысынан 2 есеге жуық жоғары.

Жалақы бойынша дашборд – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (stat.gov.kz)

 

Жалақы дашбордының тоқсандық көрсеткішіне назар аударсақ қала бойынша орташа жалақы тау-кен өндірісі мен қаржы секторында жұмыс істейтін тұлғаларға тиеселі болып, 800 000 теңге жуық жалақы алған. Ал білім саласында жұмыс істейтін азаматтар тізімнің соңғы жағында қалған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен «Bіlіm jáne gylym!» педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларынның бірі педагогтардың жалақысын  2021 жылы – 50%, 2022 жылы – 75%, 2023 жылы – 100% ға арттыру болған, («Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы (primeminister.kz)) бірақ жалақы дашбордының тоқсандық және жылдық көрсеткішіне тағыда көз жүгіртсек, 2019 жылдың 4 тоқсаны мен 2022 жылдың 4 тоқсанындағы орташа жалақыны салыстыратын болсақ, өсу көрсеткіші 50% ғада жетпейді. «Ел президентінің тапсырмасы нақты қалай жүзеге асты?» екен деген сауал туындайды.

  Әрине төмен жалақыдан кейін кадр жетіспеушілігінің туындауы орынды мәселе. Осы турасында оқу-ағарту сайтының мәліметтерін   қараған едім, жаңа құрылған министрлік әлі мәліметтерді жинақтап үлгермеген бос болып шықты.

  Педагог қызметкерлердың саны мен құрамы туралы мәліметтер (www.gov.kz)

Мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан өндірістен тартылған мамандардың үлесі (www.gov.kz)

 Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санындағы педагог-шебердің, педагог – зерттеушінің, педагог-сарапшының және педагог-модератордың біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі (www.gov.kz)

 Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының педагог қызметкерлері туралы мәліметтер (www.gov.kz)

 Тағыда электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) мәліметтерге сүйенсек, білім беру және тәрбиелеу саласы бойынша барлық облыстарда  4 510 мекемеге 3432 адам, Алматы қаласы бойынша  345 мекемеге 224 адамға конкурс жарияланған.

Жоғарыдағы мәліметтерімізден байқағандай егерде жалақысы орташа жалақының жартысынада жетпей жатса, онда кадр жетспеушілігі үнемі туындайды, ал жыл сайынғы демографияның өсуін ескерсек педагог жетіспеушілігі еліміз үшін басты мәселеге айналары сөзсіз.

Ерзат Мусират, 

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі