///

Құрылыс саласында айлық жалақы өскенімен, денсаулық сақтау саласында төмендеген

2288 рет қаралды
фото: Егемен Қазақстан

Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуі бойынша, Қазақстандағы орташа жалақы 2022 жылдың үшінші тоқсанында 4%-ға дейін төмендеген.

Бірақ бұл қалыпты жағдай дейді Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады. Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты. «Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайызға төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыз). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді”, – дейді Наталья Белоносова.

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IІI тоқсанда 299 782 теңгеге жеткен. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23,0%, нақты мәнде – 5,8%. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңге.

Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды. 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады. Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар