///

Бір жылда қант 92,8%-ға қымбаттаған

2814 рет қаралды
фото: Tengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросының таратқан мәліметі бойынша, 2022 жылғы тамызда инфляцияның  жылдық өсімі – 16,1%, бір айда 1,4%-ға жеткен.
2022 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 20,8%-ға өсіп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15,5%-ға, ақылы қызметтер 10,1%-ға көтерілді.

2022 жылғы тамызда (2021 жылғы тамызбен салыстырғанда) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 15,5%-ға өсті. Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 60,5%, мектеп сөмкесі, оқушылар рюкзагына – 44%, жеке қолданылатын тауарларға – 28,4%, жуу және тазалау заттарына – 26,6%, тұрмыс құралдарына – 24,2%, құрылыс материалдарына – 20%, балалар аяқ киіміне – 19,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,2%, ыдыс-аяққа – 16%, балалар киіміне – 15%, автомобильдерге – 14,6%, тоқыма бұйымдарына – 11,3%, фармацевтика өнімдеріне 10,7% өсті.

 

Бір жылда (былтырғы және биылғы тамызға) ақылы қызметтер бағасы 10,1% өсті. Баға деңгейі кешенді демалу ұйымдарына – 20,1%, қоғамдық тамақтану қызметтеріне – 18,4%, санаторий қызметтеріне – 15,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,8%, қонақ үй қызметтеріне 6,9% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,7% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына, қоқыс шығаруға – 3,7%-дан, суды бұруға 1,6% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3%-ға, ыстық суға 0,9%-ға төмендеді.

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар