//////

“Қыста да, жазда да өз жұмысымды жақсы көремін”,-Айгүл Мұхамедиева

527 рет қаралды
Фотограф: Тойчубекова Аружан

Оңтүстік астанамызды мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ шығар. Басқасын былай қойғанда, күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар ортақ планетамызды тұншықтырып барады.Айта берсе сөз жетпейтін «қоқыстар» бүгінде жұмыр жерді мекендеген халықтың ортақ проблемасына айналды.

Күнде көшеден қолына сыпырғы, күрек ұстаған тазалық жанашырларын көреміз. Жұмысшылар ауа райының қолайсыздығына қарамай, қақаған аяздың, шыжыған ыстықтың астында жұмыс істейді. Өйткенi, олар қала тазалығына жауапты екенін сезінеді. Олар-қала тазалығына жауапты жандар. Бірақ та, олардың жұмысы қандай ауыр екеніне мән бермейміз, зер салмаймыз.

Қала тұрғындарына оңтүстік астананың тұрмысын жақсарту мақсатында коммуналдық қызметкерлердің күнделікті атқарып жатқан ауқымды істері, қарапайым еңбек адамдарының күш-жігері жайлы білу үшін Айгүл Мұхамедиевамен сұхбаттасқан едім.

Бұл салада негізінен жұмыстан қорықпайтын, жұмысты адал атқаратындар ғана істейді. Солардың бірі – Айгүл Мұхамедиева. 16 жыл бойы, күш-жігері, мінезі мықты әйел Әуезов ауданының тазалығын сақтауда. “Біз үшін бірінші орында қаланың тазалығы. Біздің басты міндетіміз – қалада көлік жүргізушілері мен адамдарға жайлылық жасау”– дейді Айгүл Мұхамедиева. Еңбек кітапшасына сәйкес, ол әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істеп үлгерген. Бірақ барлық еңбек  салаларының ішінен оған 2008 жылы қабылданған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұнаған.

– Осы салады жұмыс істеп жүргеніңізге неше жыл болды және осы салада сізді не қызықтырады?

– Бұл салада менің жұмыс істеп жүргеніме 16 жыл болды. Оның алдында да теміржолда, “Водник” деген жерде жұмыс істеп көргенмін. Сол жұмыс істеп жүрген кезде сары күртешедегі адамдардың жұмыс істеп жүргеніне қызығатын едім.

– Осы 16-жыл ішінде қиындықтарға тап болған кезіңіз болды ма? Қиындықтар болса  оны қалай еңсересіз? 

– Жалпы алғанда жұмыс өте қиын. Қыста қар бар, жазда құм, адамдардың көліктен лақтыратын қоқыстары бар. Бірақ, қанша қиындық алып келсе де жұмысқа барып көңіл-күйімді көтеремін. Мемлекеттік жұмыс болғаннан кейін айлығымды алып, таза еңбегімнің нанын татқаннан кейін жұмысқа құлшына шығамын. Жұмысымды жақсы көргеннен кейін маған ауыр, қиын болып көрінбейді.

https://www.instagram.com/p/CipSJ4MIB3L/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==

– Сіздің ойыңызша қандай (адамдар, мемлекет тарапынан болсын) өзгерістер сіздің жұмысыңызды жеңілдететін еді?

– Бұрынғы кезде тек қана сыпырғыш пен целлофан ғана болатын. Тіпті арба да болмайтын. Қазір бізге көп көмек түрі қарастырылған. Италияндық пылесостар, тракторлар-жұмысымызды жеңілдетеді.

– Сіздің жұмысыңыздың басқалардың жақсырақ түсінуін қалайтын кездер бар ма?

– Күнделікті. Жанға бататыны, тұрғындардың тазалыққа көзқарасының төмендігі. Кейде қолындағы умаждалған қағазын, сусыннан босаған баклажкасын тастайды. Көлік жүргізушілері, адамдар жинап жүргенімізді көре тұра қоқыстарын лақтырып кетеді. Жұмыс қиын болғаннан кейін, жұмысшылар да көп емес. Сол себептен үлкен территорияларды жинауға тура келеді.

– Жұмысыңыздың қай бөлігі сізді ең таңқаларлық немесе қызықты деп санайсыз?

– Жинайтын территориям таза болса-менің жаным тыныш. Жан-жақты тазалағанда өз көзіммен емес, әкім, қала тұрғындарының көзімен қарауға тырысамын.

– Жұмыс уақытында есіңізде қалған қауіпті сәттер бар ма?

– Сары күртешеміздің өзі, жұмысымыздың қауіпті екенінің көрінісі. Бір рет көлік қағып кеткені есімде. Тағы бір рет қыс кезінде тазалық жұмыстарын жасап жүргенде тайғанап құлап, қолымды сындырып алғанмын. Жұмысымды туған-туыстарымның көбісі ұнатпайды. Бірақ жұмысым маған өзіндік бақыт алып келеді.

– Осы сала болмаса қандай жұмыс істегіңіз келер еді?

– Жақында зейнетке шығамын. Келесі өмірімде де осы салада жұмыс істегім келер еді. Неге осы салада істеймін?,-деген сұрақ та мазаламапты. Пандемия кезінде де жұмыс табыс көзі болды. Жұмысымды жақсы көріп істегеннен кейін, бұл туралы ойламаппын да.

https://vm.tiktok.com/ZMMHW2axF/

Тойчубекова Аружан

SDU Журналистика мектебі, 1 курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,