/////

Қоқыстың астында қалған – Старичка

4218 рет қаралды

Старичка – аты таңсық, табиғаты әсем жер. Аққулардың мекені болған өзен жағасының қазіргі жағдайы мәз емес. Құдды қоқыс алаңы дерсің. Бұл мәселеге бей-жай қарамаған Орал қаласының жастары өлкеміздің өршіп бара жатқан экологиялық проблемасына нүкте қоймақ.

Бұндай жауапты іске «QADAM» еріктілер клубы жұмыла кірісті. Олардың басты мақсаты – 1 ай көлемінде Старичка жағалауын қоқыстан толық тазарту. Ұйым мүшелеріне мектеп оқушылары және «Aqjaiyq Jastary» еріктілері көмек қолын созды. Жалпы алғанда мамыр айының алғашқы сенбілігіне 30-ға жуық жастар жиналды. Қатысушылардың басым көпшілігі 8-11 сынып оқушылары.

– Біздің жұмысымыз биылғы жылдың 18 сәуірінде басталды. Енді осы аймақты толықтай тазалап бітіруге челлендж бастап жатырмыз. Бұл осымен 13-ші эко-жиын. Бастапқыда қаражатты өз қалтамыздан шығарып жүрдік. Қазіргі таңда ұйымға қолдау көрсететін мекемелер бар. Мысалы «Орал Таза Сервис» ЖШС бізге жүк көліктерін жіберіп тұрады. Яғни жинап болған соң қоқысты сол мекемеге тапсырамыз, – дейді еріктілер клубының жетекшісі, Орал қаласындағы НЗМ 9-сынып оқушысы Наргиза Ерболатова.

Жұмыс барысында жергілікті тұрғын еріктілерге жақындап, оқушылардың іс-әрекетін, қандай ұйымнан келгендерін сұрастырды. Бұл толықтай қала жастарының өз ынтасы екенінен хабардар болған ер адам алғысын жаудырып, жуырда өзінің де сенбілікке шығу ойында барын айтты.

Табиғи нысанның бұндай күйге қалай жеткенін ұғыну оңай. Қоқыс жинау барысында киім-кешек, сынған ыдыс-аяқ, ішімдіктердің бос құтылары, пластик бөтелкелер табылды. Сенбілік өткен аймақты картадан қарағанымызда негізінде тура сол маңда қоқыс контейнерінің бары анықталды. Бірақ шынында белгіленген жерде қоқыс жәшігі жоқ екен. Шамасы аймақтағы тұрғындардың қоқыс полигоны Старичка тоғайы болса керек. Сонымен қатар құрылыс қалдықтарының барын да атап өткен жөн.

Сенбілік туралы толығырақ тілшіміздің дайындаған бейнематериалынан көріңіздер.

Альбина Булатова

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері