//

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

56 рет қаралды

Фото: спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан құрама спортшылары тағы 3 жүлдені қанжығаға басты.

Алдымен байдаркада 500 метр қашықтықта жарысқан Қазақстан әйелдер құрамасы негізгі қарсыластары саналатын Қытай мен Жапонияны артқа тастап, алтыннан алқа тақты.
Одан соң әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Степанов каноэмен 200 метрге жарысып, күміс жүлдеге қол жеткізсе, байдаркамен 200 метрге жарысқан Ольга Шмелёва үшінші орыннан көрінді.

Осылайша ол Наньчандағы жүлделер санын 3 алтын, 2 қолаға жеткізді.

Сондай-ақ Анастасия Березовская 500 метрге жарыста (байдарка) финалда бесінші сатыға, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы 9-орынға жайғасты.

Қазақстан командасында 4 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар