/

Қазақстан семсерлесушілері әлем чемпионатындағы тарихи жетістікке қол жеткізді

1096 рет қаралды
Қазақстан семсерлесушілері әлем чемпионатындағы тарихи жетістікке қол жеткізді
Фото: спортты дамыту дерекциясы

Семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан жаһандық доданың соңғы күнінде ел спортшылары тарихи жетістік тіркеді. Сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов төрттігі жаһан жарысының қола жүлдесін жеңіп алды. Біздің жігіттер үшінші орын үшін өткен бәсекеде тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны қапы қалдырды.

Қазақстан семсерлесушілері әлем чемпионатындағы тарихи жетістікке қол жеткізді
Фото: спортты дамыту дерекциясы

Қос құрама бұған дейін 2023 жылдың ширек финалында кездесті. Ол сында Францияның бағы жанған еді. Сол жылғы көрсеткіш біздің құраманың жоғары нәтижесі болатын. Араға екі жыл салып, жігіттеріміз ең жоғары нәтижесін жаңалады.

Қола жүлдені қазақстандық спортшыларға берген Франция үш әлем чемпионатынан кейін жүлдесіз қалып отыр. Олар 2019, 2022 жылдары алтын, 2023 жылы күміс медаль алған еді.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы бұл жүлде – семсерлесуден ел тарихындағы командалық бәсекелерде жеңіп алған алғашқы медаль. Ал Руслан Курбанов жекелей сында медаль алған жалғыз спортшы.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар