//

Азия чемпионатының алтыны мен күмісі

327 рет қаралды

Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медалін иеленді.
Лента жаттығуында сынға түскен Айбота Ертайқызы әділқазылардың жоғары бағасына ие болып, алтыннан алқа тақты.

Бұл бағдарламада бақ сынаған тағы бір отандасымыз Айым Мейіржанова 4-ші орыннан көрінді.
Қорытындысында Айбота Ертайқызы 28.15 ұпай иеленсе, екінші орынға ие болған өзбек қызы Наталья Усова 27,55, қола жүлдегер атанған жапондық Рейна Матсусаки – 27,2 ұпайға қол жеткізді. Ал Айым Мейіржанова – 27 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Айботаны Екатерина Панченко жаттықтырады. Хореографы – Шыңғыс Оспанбаев.
Одан бөлек топтық бағдарлама финалында лентамен өнер көрсеткен қыздар күміс медаль иеленді.
Күміс құрама сапында Жасмин Жүнісбаева,  Кристина Чепульская, Аида Хакимжанова, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай болды.

Қыздард Мерует Балғынбаева баптайды.

Түгелбай Бисен,

Фото: спортты дамыту дирекциясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар