/

Beeline қазақ тілін үйрететін AI-үйретушіні іске қосты

209 рет қаралды

Beeline Қазақстан қазақ тілін үйренуге арналған жаңа цифрлық өнім — AI-үйретушіні сынақтан өткізді. Интеллектуалды көмекші отандық KazLLM тілдік моделінің негізінде жасалған және қазақ тілінде сөйлеу деңгейіне қарамастан ересектер мен балаларға бірдей тиімді.

AI-үйретуші қолданушыға ойын түріндегі алты түрлі оқыту сценарийінің бірін таңдауды ұсынады:

  • «Сөйлем құрастыр»
  • «Сөз ойыны»
  • «Қатені тап»
  • «Әңгімені жалғастыр»
  • «Бос орынды толтыр»
  • «Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар»

Пайдаланушы сценарийді таңдағаннан кейін виртуалды тьютор не істеу керектігін түсіндіріп, тапсырманы орындауды ұсынады. Бәрі қарапайым әрі интерактивті форматта өтеді — оқу процесі қызықты ойын ретінде өткізіледі.

Қазақ тілін үйренуге арналған интеллектуалды көмекшінің алғашқы тестілеуіне ай сайынғы белсенді аудиториясы 5 миллионға жуық адамды құрайтын Janymda супер қосымшасының пайдаланушылары қатысты.  AI-өнім қолданушылар тарапынан оң бағаға ие болды.

«AI-үйретуші — бұл Janymda қосымшасының мүмкіндіктерін кеңейтіп жатқанымыздың айқын дәлелі. Біз ересектер мен балаларға бірдей қызықты болатын өнім жасадық — ол қазақ тілін ойын түрінде, қарапайым әрі түсінікті түрде үйренуге көмектеседі. Бұл әсіресе ата-аналар балаларын оқуға тартқысы келетін отбасылар үшін маңызды — олар бірге оқи алады. Біз өз аудиториямызға тек технология жағынан емес, сонымен қатар шынайы маңызды сервисті ұсынғанымызға қуаныштымыз», — деді Beeline Қазақстанның жаңа бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Максим Цвыков.

Болашақта тьюторды қолданушының қажеттіліктеріне сай бейімдеп, оны жақсарту жоспарланып отыр.

«Технология кез келген жастағы пайдаланушылар үшін білімге жол ашады. KazLLM тілдік моделі мен AI мүмкіндіктерінің арқасында қазақ тілін үйрену көпшілікке қолжетімді әрі түсінікті болады. Бұл жай ғана цифрлық өнім емес, қазіргі технологиялардың оқу процесіне қаншалықты пайдалы екенінің нақты мысалы», — деді Beeline Қазақстанның IT-компаниясы QazCode-тың бас директоры Алексей Шаравар.

Қазақ тілін үйренуге арналған интеллектуалды көмекші Janymda супераппында (бұрынғы — Менің Beeline) қолжетімді. Маусым айында қосымша пайдаланушының операторына қарамастан барлық қолданушыларға қолжетімді болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар