/

Beeline қазақ тілін бүкіләлемдік аударма қызметіне енгізуді қолдайды

855 рет қаралды
2

Мұнан былайғы жерде «КаР-Тел» компаниясы (Beeline сауда белгісі) Google Translate аударма қызметіне қазақ тілін енгізуге бағытталған «Google Translate+Kazakh» жобасының серіктесіне айналмақ. Мемлекеттік тіліміз үшін де, қазіргі замана адамдары үшін де аса көкейкесті болып табылатын жоба – ҚР Президенті әкімшілігінің қолдауымен, Google компаниясының техникалық қолдауымен, «Wikibilim» Қоғамдық қоры мен «Қазконтент» АҚ қолдауымен жүзеге асырылмақ.
Google Translate – мәтін бөлігін немесе веб-бетті автоматты түрде аударуға арналған Google компаниясының тегін веб-қызметі. Қазіргі кезде аталмыш қызмет құрамында 64 тіл бар, бірақ қазақ тілі енгізілмеген. Қазақ тілін Google Translate жүйесіне енгізу үшін ағылшын, орыс тілдерінен қазақ тіліне және аталған тілдерге біздің тілімізден аударылған мақалалар саны белгілі бір шектен асуы шарт.
«Президент Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтің басқаруымен біздің қор мемлекеттік тілді, білім беру, мәдениет және инновациялық технологияларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінде бизнес-компаниялардың да осы бағытта жұмыс жасай бастағаны қуантарлық жағдай. Бірақ Google Translate жүйесіне қазақ тілін енгізу үшін жүйеге мәліметті үлкен көлемде енгізу қажет. Жобаның табысты іске асырылуы оған қоғам өкілдерінің кеңінен жұмылдырылуына байланысты», – дейді «Wikibilim» Қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.
«Жаһандық онлайн-аудармаға қазақ тілін енгізу – интернеттегі қазақ тілді контенттің дамуына үлкен үміт артамыз. Бұл әріптестік – ұялы интернет, сондай-ақ «Үйдегі интернет» қызметінің абоненттеріне Google Translate қызметіне тегін кіруге мүмкіндік береді. Beeline және «Wikibilim» ҚҚ сайттарында аталмыш қызметке аударылатын мәтінді қалай енгізуге болатыны туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар орналастырылған. Сонымен қатар, еліміздің ЖОО-да жобаны таныстыру өткізіліп жүр. Осы іс-шаралардың арқасында студенттер акцияның алғашқы қатысушылары бола алады», – дейді «КаР-Тел» ЖШС-ның PR-менеджері Анар Жұмағұлова.
«Google Translate+Kazakh» жобасына үстіміздегі жылдың сәуір айында Beeline брендінің Қазақстанға келгеніне 7 жыл толуына орай іске қосылған ауқымды «Жеті игі іс» бастамасының аясында қолдау көрсетіледі. Еліміздің әрбір аймағында компания қызметкерлері, серіктестер, ынталы абоненттер күшімен 6 ауқымды әлеуметтік жоба жүзеге асты.
Google Translate жаһандық онлайн-аудармашының «тілдер отбасына» қазақ тілін енгізуге бағытталған әлеуметтік жобаны қолдау әрбір қазақстандық қатыса алатын 7-ші игі іс болмақ.
«КаР-Тел» компаниясы (Қазақстандағы Beeline бренді) және «СА-Телком» (Қазақстандағы Golden Telecom бренді) «ВымпелКом ЛТД» компаниясы тобына кіреді.
Компания ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында, фиксациялық телефон, интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру қызметтерін көрсетеді. 2008 жылы Beeline Қазақстан Республикасы аумағында алғашқы болып GSM 1800 стандартында ұялы байланыс қызметін көрсетуге ресми рұқсат алған.
Beeline белсенді әлеуметтік ұстаным аясында түрлі балалар мекемелеріне нақты қолдау көрсетіп, сондай ақ білім беру және мәдениет салаларында әлеуметтік жобаларды іске асырады. Компания елдің барлық аймақтарында «Мобильді этикет» және «Мобильді сауаттылық» жобаларын қолдайды. Компания «Қайырымдылық» қорымен бірлесіп денсаулығы нашар балалардың емделуіне қаражат жинауға арналған «Балаларға өмір сыйла», «Сауық Азия» ҚҚ бірлесіп Қазақстандағы алғашқы балалар хосписін жабдықтау мен қолдауға қаражат жинау мақсатында «Тыныста, балақай», «Аяла» қорымен бірлесіп еліміздің перзентханалық орталықтарын өте қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған акцияларын жүзеге асыруда. 2012 жылғы сәуірде Beeline ауқымды «Жеті игі іс» жобасын іске қосты, оның негізгі мақсаты – бүкіл Қазақстан бойынша қоғам мен компания қызметкерлерін жұмылдырып әлеуметтік іс-шараны жүзеге асыру.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Осы игі іске барша қоғам өкілдері жұмыла кірісер деп өз басып қатты күтемін. Әзірше мен тек студентпін,үлес қосар деңгейім, мансабым болса көп күттірмей, өзім-ақ бірден кірісер едім…құлақтарыңызға алтын сырға,АҒАЛАР!!!!

  2. Бұл игі істі мен толығымен қолдаймын! Бұл еліміздің ғаламторындағы үлкен бір дүмпу болар еді. Тек қана алға!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі