///

Мемлекеттен берілетін қаржыны алу үшін шаруалар 30 құжатқа дейін тапсыруы керек

57 рет қаралды

Фото: pixabay.com

Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты.

Ол көктемгі дала жұмысының барысы туралы баяндады.

Министр облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биыл жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайтынын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық екенін атап өтті.

Ал КДЖ қаржыландыруға 480,6 млрд теңгеге 7 мың өтінім түссе, қазір шаруаларға 385 млрд теңге беріліп үлгерген.

– Жеңілдетілген қаржыландыруға 8 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қатысып отыр. Оларға фермерлерді қаржыландыру үшін 131,1 миллиард теңге бөлінді. Олардың ішінде Ақмола, Қостанай және СҚО жеңілдетілген қаражатты игеру бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетіп отыр. Ал Жамбыл және Қарағанды облыстарында СПК арқылы қаржыландыру мәселесін жедел шешу керек. Өңірлерде шаруалар өтінім берген кезде көптеген құжат сұратылады. Көптеген өңірде 30 құжатқа дейін жетеді. Мәселені назарға алуды сұраймын, – деді министр.

Министрдің айтуынша, кепіл жеткіліксіздігі мәселесін шешу үшін қарыз сомасының 85% мөлшерінде кепілдік беру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр.

Биыл жалпы 135,2 млрд теңгеге 943 кепілдік берілген. Қарыздың жапы сомасы – 159 млрд теңге.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар