Астанада жалауы желбіреген парадзюдодан әлем чемпионатында қазақ арулары барша жанкүйердің жүрегін жаулап, тарихи жеңіске жетті.
Ел құрамасы Түркия, Үндістан, Өзбекстан елдерін жеңіп, тек Бразилияға есе жіберді. Бірақ бәсеке айналмалы жүйе бойынша өткендіктен белдесулердің қорытындысында чемпиондық тәж біздің қыздарымызға бұйырды.
Екінші орынға Түркия жайғасса, Бразилия құрамасы қола медаль иеленді.
Түгелбай Бисен
Фотоға түсірген: Олжабай Арлан
Парақшамызға жазылыңыз