/

Qazaqstan barysy grand slam мәресіне жетті

109 рет қаралды

Мамырдың 9–ы мен 11-і аралығында Астнада әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтті.

Осымен елімізде үшінші рет жалауы желбіреген доданы мамырдың 10-ны күні ел Президента Қасым-Жомарт Тоқаев келіп тамашалады. Сонымен қатар елорда татамиіндегі тартысты бәсекелерді көрмекке халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Олимпиада чемпионы Елдос Сметов келді.


Үш күнге созылған жарыста ел дзюдошылары 3 күміс, 6 қола жүлде еншілеп, медальдық есепте 9-шы орынға тұрақтады.
Финалдық сында 66 келіде белдескен Ғұсман Қырғызбаев, +100 келідегі Ерасыл Қажыбаев пен 60 келіде бақ сынаған Талғат Орынбасар иеленді.

Ал Мағжан Шамшадин, (-60 кг) Аман Бақытжан, (-60 кг) Абылайхан Жұбаназар, (-81кг) Есет Қуанов, (-73кг) Бақжан Байтас пен (-100кг) Марат Байқамұров (-100кг) сынды спортшылар қола медаль иеленді.
Медальдық есепте 3 алтын, 2 күміс еншілеген IJF құрамасы І орын еншілесе, ІІ орынға 3 алтын медальі бар Оңтүстік Корея, ІІІ орынға 2 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлде жеңген Жапония жайғасты.
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен жарысқа әлемнің 44 елінен 358 спортшы қатысты.Олардың 202-сі ер болса,156-сы әйел. Дзюдошылар 14 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қатысушылар арасында Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары болды. Астанадағы жарыс спортшылар үшін әлем чемпионаты алдындағы соңғы Grand Slam кезеңі. Енді үздіктер алаңсыз дүние жүзі додасына дайындалады.
Естеріңізге сала кетейік бұл дода нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді.

Жеңімпаздар 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

Түгелбай Бисен,

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан дзюдо федерациясы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар