/

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

127 рет қаралды
1

Фото: Ақорда

2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес Президиумының жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жарлығы шығады. Соған сәйкес арнайы шығармашылық комиссия құрылып, оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шаймерденов және басқа да белгілі тұлғалар кірген.

Елтаңба, Ту, Гимн үлгісін әзірлеуге байқау жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысқан. Барлығы 1 200 өтінім Мемлекеттік Тудың эскиздерін әзірлеген. Сондай-ақ болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы және Мемлекеттік Гимннің 750 нұсқасы ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

 Елтаңның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Мемлекеттік гимн

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Күнді құшқан қас қыран,
    Аясында қалқыған
    Аспан түсті туым бар,
    Көк теңіздей шалқыған.

    Тәжім етіп бас иер,
    Туы елімнің егемен.
    Тұтастығым куәсі
    Туғандай бір енеден.

    Елдігімді әлемге
    Паш ететін байрағым,
    Тұнық менің көгімдей
    Әуемде мәңгі жайнаған!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Алаш аруағы алдындағы аманат

Тарихтың жарасын ұмытпау – рух алдындағы парыз. Бүгін Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық