Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

43 рет қаралды

Индонезияның Бали қаласында семсерлесуден сары құрлық бәсекесі өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан ерлер командасы 2-орынға табан тіреді.

Ақтық сынға дейін алқынбай жеткен Қазақстан семсерлесушілері әлемдегі көшбасшы елдердің бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасымен күш сынасты.

Қорытындысында 24-45 есебімен қарсылас жеңіліс тапты.

Азия күмісіне қол жеткізген құрама сапында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, және Кирилл Проходов болды.

Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түркіменстаннан, кейін Сингапурды, жартылай финалда Қытайдан басым түсті.

Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанғанын жаздық.

Түгелбай Бисен

Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар