/

Алаяқтар интернетте жиі пайдаланатын бес қулықты білесіз бе?

173 рет қаралды
1

Фото: istockphoto.com

Интернеттегі алаяқтық жыл сайын күрделеніп отыр. Алаяқтар сіздің ақшаңызға немесе деректеріңізге қол жеткізу үшін сатушылар, сатып алушылар, банк қызметкерлері және тіпті жақын адам ретінде жасырын әрекет етеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар жиі іске асыратын қулықтарды атады.

Күн сайын жүздеген адам алаяқтардың құрбанына айналып отыр. Олар сенімді түрде әрекет етеді, адамдардың эмоциясына әсер етеді және шұғыл шешім қабылдауға итермелейд. Төменде алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен одан қорғану жолдарын ұсынамыз.

Біріншіден, алаяқтық қарапайым хабарландыруынан басталуы мүмкін. Адам сол бойынша хабарласады, ақша аударады да қаражатсыз қалады.

Екіншіден, алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жиі қоңырау шалады. Олар сенімді сөйлейді, қауіп-қатер төндіріп тұр деп сендіреді және жылдам әрекет етуге шақырады.

Үшіншіден, жалған инвестициялар белсенді қолданылады. Олар оңай табыс табуға уәде береді, салым салуды немесе банктік қосымшаға кіруге мүмкіндік беруді ұсынады.

Алаяқтар фишиңді  – жалған сайттар мен хаттарды пайдаланады.  Бір қарағанда ресми сайттан айырмашылығы жоқ. Адам сілтемеге өтіп, деректерді енгізеді, нәтижесінде шотқа кіруге мүмкіндік беретін барлық ақпарат қылмыскерлердің қолына түседі.

Сондай-ақ мессенджерлерде «достардан, таныс-туыстардан» хабарламалар келуі мүмкін. Олар қарызға ақша сұрайды, ұтыс ойынына қатысу немесе сауалнамаға жауап беруді өтінеді, содан кейін шоттағы ақша есептен шығарыла бастайды.

Өзіңізді қорғау үшін, ең алдымен, цифрлық гигиенаны сақтау керек.

– Ешқашан SMS кодтарын, құпия сөздерді және карта деректемелерін жібермеңіз; — Логинді немесе кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын міндетті түрде тексеріңіз;

Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеп алу керек;

Ал бастысы, егер сізге қысым жасалып жатқанын сезінсеңіз немесе сізді асықтырып жатса, ақша аударуға асықпаңыз.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

– SMS және PIN кодтарын, картаданCVV және басқа деректерді ешкімге хабарламаңыз!

– Логин мен кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын тексеріңіз;

– Күдікті хабарламалардан сілтемелерге өтпеңіз;

– Қосымшаларды тек ресми платформалардан жүктеңіз;

– Қысым көрсеткен кездеде ақша аудармаңыз. Тіпті қоңырау шалушы өзін полиция қызметкері немесе банк қызметкері ретінде таныстырса да;

– Барлық операция бойынша SMS ескертулерін орнатыңыз және несие тарихын тексеріңіз;

Құрбан болған жағдайда не істеу керек?

Егер сіз ақшаны немесе деректеріңізді берсеңіз – дереу банк пен полицияға хабарласыңыз. Неғұрлым жылдам әрекет етсеңіз, қаражатты қайтару және қылмыскерлерді тоқтату мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Динара Насыр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар