/

Павлодар облысындағы экологиялық жоба тиімді ме?

278 рет қаралды

Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жазуынша, Павлодар облысында 33 мың гектардан астам лиманға су жіберілген.

Шідерті лиманды суару жүйесі арқылы жүргізілген экологиялық су жіберу аясында «Қазсушар» РМК Павлодар филиалы Екібастұз, Ақкөл, Сарықамыс, Ақтоғай ауданындағы Жолболды, Басқамыс және Жалаулы ауылдық округтерінде 21 000 гектардан астам жерге су жіберілді.

Сонымен қатар Павлодар облысындағы Әулиекөл көлдер жүйесін, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға бағытталған.

Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадынан су жіберу аясында Қолыбаев массивінде Қазан, Саты және Малайсары ауылдық округтерінің аумағындағы шамамен 12 240 гектар лиман суландырылған екен.

«Павлодар облысындағы «Қазсушар» филиалы жыл сайын экожүйені сақтау мақсатында экологиялық су жіберулер жүргізеді.Мұның бәрі жергілікті халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді», – деді Павлодар облысының «Қазсушар» филиалы директоры Арман Оспанов.

Альфина Асанджанова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар