//

Самирхон Абабакиров Универсиаданың жеңімпазы атанды

171 рет қаралды

Фото: Телжан Күдеров

Германия төріндегі ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың алғашқы алтыны қоржынға түсті.

Осы кезге дейін жартылай финалдай аса алмай қола жүлдені қанағат тұтқан таеквондо шеберлерінің дәстүрін 67 келіде сынға түскен Самирхон Абабакиров бұзды.

Алдына келген қарсыластарының барлығын оңай жеңіп келген Самирхон финалда Түркия спортшысымен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы бөлігінде түрік таеквондошысы басымдық танытқан. Бірақ біздің бала қарқынға қарқын қосып, 12-11 есебімен алға шықты.

Ал екінші кезеңде Самирхон басымдықты толықтай қолына алып, алтын медальға қол жеткізді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар