Фото: ҚР дзюдо федерациясынан
ХХХІІ дүниежүзілік жазғы Универсиаданың кезекті жарыс күнінде дзюдошылар жарысты бастады.
Ерлер сынында жарысты 60 келідегі Аман Бақытжан мен 66 келіде татамиге шыққан Нұрқанат Серікбаев бастады.
Белдесулерін сәтті өтізгенімен қос палуан да финалға жете алмай қалды.
Десе де қола үшін өткен белдесуге жинақтала білген қазақ дзюдошылары Универсиада жүлдегері атанды.
Алдымен 60 келіде жарыс жолына шыққан Аман Бақытжан гүржілік Лука Можебадзені тізе бүктірсе, 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқанат украиналық Микита Холобородконы жеңді.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз