/

138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды

79 рет қаралды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың мақсаты – әрбір балаға заманауи әрі қауіпсіз білім алу үшін қолайлы жағдай жасау, – деп жазады Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Сурет: gov.kz

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталып, 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде білім алады деп жоспарлануда.

Реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылды, онда 99 мыңға жуық бала білім алады. Сонымен қатар 1 мыңға жуық ауылдық мектеп жаңғыртылып, оларға күрделі жөндеу жүргізілуде. Робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет орнатылды.

Кешенді жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу кіреді.

Бұл шаралардың барлығы қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, қазақстандық балалар үшін жайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Парақшамызға жазылыңыз

Meiramgul Sarsengalikyzy

2003 жылы 8 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
SDU «Журналистика және TV» мамандығында оқыған.

Алғашқы еңбек жолын 2021 жылы «Теректі жаңалығы» аудандық газетінде ІІ санатты журналист ретінде бастаған.

«ТДК-42» телеарнасында мобилограф әрі SMM маман ретінде жұмыс істеген.

2024 жылдан бері «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінде арнаулы тілші болып қызмет етіп келемін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар