///

Жаңа оқу жылы несімен ерекшеленді?

3042 рет қаралды
1

Алматы облысы, Ескелді ауданының қақ төрінде орналасқан Абай елді мекенінде жаңа мектеп бой көтерді. Білім ордасының ашылу салтанатына Мінбер сайтының тілшісі барып қайтты.

Ескелді ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Азат Жұмаханов ресми  ақпаратына сүйенсек:

«2019 жылдан бастап Ескелді ауданы, Абай ауылындағы 25 орындық шағын орталығы бар 180 орындық орта мектептің, спортзал мен асхананың құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджеттен 1 миллиардтан аса қаржы бөлінген. Мердігер “Талас-Құрылыс” ЖШС, нысан құрылысын уақытылы аяқтап, халық игіліне ұсынды. Жаңа мектеп 2 қабат, 9 блоктан тұрады.  Мектепте жалпы саны 43 адам жұмыс істейді. Олардың 23-і ұстаздар қауымы болса, қалған 20-ы техникалық қызметкер. Барлығы вакцина алып, оқу жылына толықтай дайын. Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылы сәтті аяқталды. Мектепті 527 түлек аяқтап, 360-ы ҰБТ-ға  қатысты. Қорытынды нәтиже бойынша мемлекеттік грантқа 190, облыс әкімінің грантына 8, халықаралық грантқа 35 оқушымыз ие болып отыр. 11 сыныпты тәмамдаған 96 оқушы және 9 сыныптан кейін тапсырған 121 оқушы, облыс аумағынан бөлек, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқу орындарына грант жеңіп алды.

Жалпы, Ескелді ауданында білім саласында барлық мүмкіндіктер жасалынуда. Елдің ертеңі жастардың қолында. Сол себептен, келешек ұрпақтың білімді болуының жолында атқарылар қыруар шаруа әлі алда» – деді Азат Жұмаханов.

Жаңа мектеп ұстаздар қауымына да, бүлдіршіндерге де ұнағаны сөзсіз. Көздеріндегі нұр барлық сөздің орнын алмастырып тұр.

Мерекеде жас өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Десек те, білім күні жылдағыдан өзгеше өтті. Еліміздегі эпидахуалға байланысты салтанатты жиынға тек бірінші сынып оқушылары қатысты. Мектептің темір қақпасынан антисептикпен қонақтарды күтіп алып, Ashyq қосымшасы мен бетперденің дұрыс тағылуын тексеріп тұрған мамандар да сақадай сай екен.

Салтанатты жиын барысында мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыларға «Әліппе» табысталды.

Әліппе демекші, жаңадан мектеп табалдырығын аттаған балаларға моральдық тұрғыдан көмек беріп жатырмыз ба?

Бүлдіршіндерден бөлек, бір жарым жыл телефонға телміріп, төрт қабырғадан шықпай отырған балаларға қандай көмек керек? Мінбер тілшісі психологпен сұхбаттасқан еді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Жаңа оқу жылына оқушылар психологиялық  тұрғыдан дайын ба ?

Бүкіл әлемді жаулаған індеттің  кесірінен  еліміздегі оқушылар да, мұғалімдер де қашықтықтан оқыту  форматына көшіп, тарихымызда  болмаған  онлайн  оқудың  дәмін татып  көрдік. Қиындықтар да кездесті , еліміздің біраз аймақтарында  интернет желісінің тапшылығынан туындаған кедергілер де көп болды. Бірініші сыныпқа келген оқушының бейнесін көрмей сабақ беру, бастауыш буыннан орта буынға өткен бесінші сынып оқушылары, мамандық таңдауда қиналған тоғызыншы сынып оқушысы, ҰБТ –ға дайындалған мектеп түлектері нағыз тығырыққа тірелген кезең еді. Бір отбасында бірнеше баласы  онлайн сабаққа отырған жанұядағы  оқушылардың, ата-аналардың әбігерге түскені бәрімізге мәлім. Бұл проблема баланың психологиясына әсер етпей қоймады. Сабақтағы тапсырманы уақытылы орындай алмай, кезек тосу, телефонның жады жіберген ақпараттарға толып, кей ақпараттар ашылмай әр ата-ананы, оқушыны  шаршатты. Таңның атысы, күннің батысы телефонға телмірген оқушы мен мұғалім. Шыдамы таусылып айқайға басқан ата-ана. Бұл індет бәрінің төзімін тауысқандай. Осы қиындықтан сынбай өту мақсатында мектеп психологтары аянбай еңбек етті. Тығырықтан шығудың барлық жолдары қарастырылды. Қуанышқа орай  биылғы оқу жылында  мектепке барып оқуға мүмкіндік туғызып отыр. Білім Министрлігінің баяндауынша сабақ 45 минуттан болады. Екі жылдай онлайн форматта оқыған оқушылар қаншалықты мектеп есігін ашуға дайын?  Онлайн оқу оқушыға еркіндік пен телефонға тәуелділік сыйлады. Мектеп оқушысының  сыныбы үй бөлмесі, парта мен орындық ас үйдің үстелі мен орындығы болғаны рас. Енді бұл әдетті бұрынғы қалыпқа келтіру оңай болмасы анық. Осы кезеңде барлық ата-аналарға айтарым баланың бейімделуіне көмек қолын созсаңыз, сабыр сақтап, оған қолдау берсеңіз балаңыздың үйреншікті өмірден мектеп өміріне оралуына өз үлесіңізді қосасыз. Мектеп тарапынан әр пән мұғалімі берген тапсыраманы қадағалап, білмегенін түсіндіріп, ақпаратты балаңызбен бірге іздесеңіз, сіздің балаңыздан өте тамаша тұлға шығады. Әр оқушы үшін ата-ананың қолдауы мен қамқорлығы таптырмас байлық. Әр бала өз отбасынан жылу мен мейірім, қолдау мен сенім күтеді. Күн сайын, таңертең оянған балаға мен сені жақсы көремін деп маңдайынан иіскеп мектепке шығарып салсаңыз күні бойы балаңыз қуаттанып жүреді. Өзіне деген сенім пайда болады, ал өзіне сенімді бала ол әр қашанда қанатын биікке қағатын,  болашаққа ұмтылатын бала.  Сіз бен біздің қолдауымызды күтіп  жүрген әр балаға  сенім артып, жүректеріне мейірім сыйлайық құрметті ата-аналар мен ұстаздар.» деді Ескелді ауданы, Жастар негізгі  орта мектебінің психологы Гүлнұр Декембаева.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі