70 млрд теңгелік келісімшартқа қол жеткізген қылмыстық топ әшкереленді

фото: pixabay

Start

Алматыда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде жалған мәліметтер пайдаланған деген күдікпен бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу дерегінше, 2021–2024 жылдар аралығында қылмыстық схемаға қатысушылар жалған компаниялар арқылы тендерлердегі рейтингін көтеру үшін қолдан жасалған құжаттар мен жалған мәліметтерді пайдаланған. Ұйымдастырушылар мұндай «қызмет» үшін 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алған. Заңсыз жолмен алынған кіріс көлемі 664 миллион теңгеден асқан. Бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік нысаны (5 тұрғын үй, 7 жер телімі) сатып алынған.

Тергеу болжамынша, осы заңсыз әрекеттердің арқасында жалпы құны шамамен 70 миллиард теңгені құрайтын келісімшарттар бірқатар ұйымдармен жасалған. Қазіргі таңда төрт күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Парақшамызға жазылыңыз

Бағдат Сұлтан

Бағдат Сұлтан — журналист, БАҚ саласында тәжірибесі мол жас маман. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік дипломмен аяқтады. Қазіргі уақытта Сүлеймен Демирел атындағы университеттің "Медиа зерттеулері және журналистика" мамандығы бойынша оқуын жалғастырып жатыр (2025–2027).

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

ҚР Президентінің екі мәрте стипендианты, Батыр Қазыбаев стипендиясының иегері. 2024 жылы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының 2024 жылғы Бас жүлде иегері.

Маманданатын салалары: ұлттық болмыс пен тіл, мәдениет, әлеуметтік мәселелер, зерттеу журналистикасы, медиасауат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар