///

2020 жылы мемлекеттік сатып алулардың 64,9%-ы тікелей бір мекемеден сатып алу арқылы жасалған. Ал бұның жемқорлық тәуекелі өте жоғары

2797 рет қаралды
фото: Бәрібар

2020 жылы Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулардың сомасы 4,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл дегеніңіз Ішкі жалпы өнімнің  (ІЖӨ) 7%-ы.  Мемлекеттік сатып алулар арқылы бюджеттің шығыс бөлігінің 27,5%-ы яғни үштен бірі жұмсалған. Алайда, бұл мемлекеттік сатып алулар порталындағы ақпарат бойынша ғана жасалып отырғандықтан, толық картинаны бере алмайды. 

Бұл туралы Zertteu-Research қоғамдық институты мәлімдейді. Аталған ұйым Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының қолдауымен “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулардың техникалық ерекшеліктеріне талдау” атты зерттеу дайындаған.

Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың екі жүйесі қалыптасқан. Оның бірі мемлекеттік бюджет қаржысын игеру тәсілі, екіншісі – Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының сатып алулары арқылы жүзеге асады. Зерттеу  goszakup.gov.kz порталының мәліметтері бойынша жасалып отыр. 

Зерттеу қорытындысы бойынша, 2020 жылы жасалған 2,949 триллион теңгенің сатып алуына анализ жасалған. Бұл сатып алулардың 64,9%-ы тікелей бір көзден сатып алу арқылы жасалған. Яғни, 1,9 триллион теңгеге жасалған келісім шарт тек бар көзден сатып алынған. 
– Оның себебі, – дейді, Zertteu-Research қоғамдық институтыныкң сарапшысы Ғалымжан Оразымбет, – былтыр бүкіл Қазақстан пандемия салдарынан карантинде отырды. Карантин қажеттіліктеріне сай көптеген дүниені жылдам сатып алу қажет болды. Бәлкім осы жағдай мемлекеттік сатып алу порталының келісім шарттарының көбін бір сатып алушымен жасауға итермелеген болуы мүмкін. 
Дегенмен, “Мемлекеттік сатып алулар” туралы заңда тікелей бір көзден сатып алуға мүмкіндік беретін елуден астам негіз бар. Сондай-ақ, 
 тікелей бір көзден сатып алу тәсілінде техникалық ерекшелік болуы тиіс деген талап жоқ. 

Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы мемлекеттік сатып алу тиімділігіне тікелей тәуелді. Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезеңіндегі жемқорлық қатерлері алдын ала анықталып қойған бір өнім беруші пайдасына шешім қабылдауға әкелуі мүмкін. Бұл әділ бәсекені тежеп, тауар, жұмыс немесе қызмет бағасының қымбат болуына, сапаның зардап шегуіне себеп болады. Нәтижесінде азаматтар жоспарланған тауар көлемін немесе қызмет сапасын ала алмайды, ал үстеме баға экономикаға зиянын тигізіп, жемқорлық көлеңкелі экономика үлесін арттырады.  Талдау жасалған техникалық ерекшеліктердің тек 1% (1258-дің 13) талаптарға толық сай боп шықты.

Талапқа сай емес техникалық ерекшеліктердің  басым көпшілігі аудан (62) және облыс (41) деңгейінде жасалған келісім шарттарға тиесілі. Ал сарапқа салынған техникалық ерекшеліктердің 20-сы ауылдық жерлерге, 12-сі  квази мемлекеттік секторға, алтауы мемлекеттік деңгейдегі келісім шарттарға тиесілі. Жиі кездесетін кемшіліктер техникалық функционалдық,  сапалық және эксплуатациялық сипатта болып отырған. 

Zertteu-Research қоғамдық институтының директоры Шолпан Айтенованың айтуынша,  Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының сарапшылары мемлекеттік сатып алулар жемқорлық фактісін көбірек тудырады деген қорытындыға келген. Олар Қазақстан мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында жыл сайын 100 млрд теңгеге дейін зиян шегетінін мәлімдеген. 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі